
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы бірлесіп, Кербұлақ ауданындағы мектеп және балабақша әкімшілігіне арнап семинар ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы еңбек қатынастары мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіру, сондай-ақ білім ұйымдары басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру. Семинар барысында еңбек қауіпсіздігі, ұжымдық шарттардың маңызы, қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері кеңінен талқыланды.
Кездесуді облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, қатысушыларға еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңартулар туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік еңбек инспекторы Чингиз Абишев, Кербұлақ ауданының прокуратурасының аға прокуроры Азамат Якиян, облыстық кәсіподақтың заңгер Кеңесшісі Әсет Қайырхан еңбек заңнамасын сақтау, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара қатынастар, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жолдары бойынша кеңестер ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Осындай кездесулер білім беру саласында еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-