
САЛА ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 13 маусым күні Медициналық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Айым Ерікқызы - №3 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының мейірбикесі – Брахимова Айжан Макеновнаны қоғамдық бірлестіктің «Еңбек адамы» төсбелгісін табыстады. Брахимова Айжан Макеновна-балалардың денсаулығын бақылап, таңертең әр баланы жылы жүзбен қарсы алып, олардың көңіл күйін, дене қызуын тексеріп, 33 жылдан астам осы балабақшада абыройлы қызмет етіп келе жатыр. Айжан Макенқызы - мейірімділік пен жауапкершіліктің үлгісі, балаларға әрдайым қамқор болып жүретін адамдардың бірі. Айжан Макеновна - балалардың әрбір күлкісіне, денсаулығына алаңдайды.
№3 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі - Тустукбаева Айым Амангельдиновна құттықтау сөз сөйлеп, Брахимова Айжан Макеновнаның еңбегіне алғыс айтып, мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.
Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз жана берсін!
Атқарған қажырлы еңбегіңізге табыс, мықты денсаулық тілейміз!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалы