
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіндегі жұмыс берушінің міндеттері мен заң талаптарын түсіндіру мақсатында Жетісу облысында ауқымды көшпелі семинар өтуде.
Аталған шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы ұйымдастырды.
Маңызды жиын Талдықорған қаласы, Көксу мен Ескелді аудандарында өтіп, Ақсу ауданында өз жалғасын тапты.
Ақсу ауданы Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының құрамында болмаса да, аталған аудандағы білім ұйымдарының әкімшілігі білім саласындағы болып жатқан өзгерістер мен толықтырулардан хабардар болсын деген мақсатпен облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов бастаған бірқатар лауазымды тұлғалар түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Әкімғазы Ерленов, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Куралай Оспанова, Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Айдынбек Жексенбаев, Ақсу ауданы прокурорының орынбасары Арнұр Жұмабеков, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Бұл семинар еңбек қатынастарын реттеуде және құқықтық сауаттылықты арттыруда маңызды қадам болды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Жетісу облысы кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-