
АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Мұғалжар ауданында білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосқан, әр жылдары мектеп басшысы қызметін атқарған ардагер-көшбасшылармен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің кәсіби жолындағы естеліктерімен бөлісіп, басқарушылық қызметтегі қызықты сәттері мен түрлі қиындықтарды еңсеру жолдарын әңгімеледі. Олар жас ұрпаққа өнеге болатын құнды кеңестер айтып, көшбасшылық тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздық және басқарушылық еңбекті құрметтеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, білім беру саласындағы көшбасшылықтың мәні мен маңызын дәріптеу болды.
Кездесу соңында ардагер ұстаздарға аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-