
БАЛАЛАР КҮЛКІСІ - БІЗДІҢ БАСТЫ ЖЕҢІСІМІЗ!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының әйелдер комиссиясы үлкен жүректің ісін атқарды.
Комиссия бастамасымен кәсіподақ мүшелерінің балалары, сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 92 бала Панфилов ауданындағы «Қарлығаш», Алакөл ауданындағы «Жалын», Текелі қаласындағы «Алтын Чажа» жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдама алып, жарқын жазға қадам басты.
Бұл – жай ғана демалыс емес, бұл – балалардың саулығы, жаңа достар, ұмытылмас әсерлер! Әрбір баланың шат күлкісі — ата-ананың қуанышы, қоғамның болашағы.
Кәсіподақ ұйымы әйелдер комиссиясының бұл қадамы – қамқорлықтың, жанашырлықтың және шынайы кәсіподақ рухының жарқын көрінісі.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-