
КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС
Жыл басынан бері Теміртау техникалық колледжінің 4 қызметкері «Discovery Бурабай» курортына облыстық кәсіподақтан жолдама алып, отбасыларымен демалып келді. Кәсіподақ мүшелері демалыстары туралы пікірлерімен бөлісті.
Торғын Әбілова:
«Discovery Бурабай» курортында отбасымен бірге демалу күш жинап, жақындармен уақыт өткізудің тамаша мүмкіндігі болды. Жайлы бөлмелер, әртүрлі әрі дәмді ас мәзірі, керемет табиғат пен таза ауа өте жақсы әсер қалдырды. Кәсіподақ комитетіне көрсеткен қамқорлығы үшін алғыз айтамын.
Гүлдана Смахова, әдіскер:
«Берілген жолдама үшін шын жүректен алғыс білдіремін. «Discovery Бурабай» курорты өте жақсы әсер қалдырды: жайлы жағдайлар, сыпайы қызметкерлер, дәмді тамақ. Бұл – отбасылық демалыс үшін таптырмас орын!»
Мақсат Балғабаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
«Discovery Бурабай» қонақ үйінде отбасыммен демалысымыз жоғары деңгейде өтті. Қонақ үйде денсаулықты жақсартуға және тынығуға барлық жағдай жасалған. Білім саласы қызметкерлеріне және олардың отбасыларына көрсеткен қолдауы үшін кәсіподақ комитетіне алғысымызды білдіреміз.
Қарағанды облыстық ұйымы