
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Жақсы мұғалім мектептің тірегі, елдің үміті. Ұстаз болу жай ғана мамандық емес, жүрек таңдауы. Әр шәкірттің болашағына шырақ жаққан, білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек ететін мұғалім нағыз ел жанашыры Сәбит Ибайдуллаұлы Жұмағұлов.
Сәбит Жұмағұлов Е.Әуелбеков атындағы №4 Қызылорда облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Сәбит Жұмағұлов тек білікті ұстаз ғана емес, оқушыларына тәрбие мен білімді қатар ұштастырып бере білген білімді мұғалім.Оның шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары.
Сәбиттің тек оқушылары емес,өзі де пәніне байланысты кәсіби байқаулардың жеңімпазы.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі ел тірегі, сол тіректің берік болуына ықпал ететін –ұстаз. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Сәбиттей ұстазымызбен мақтанамыз. Өз ісіне шын берілген, шәкірттердің жүрегіне жол таба білген, білімімен, ерекше болысымен үлгі тұтар әріптес.