
САЛА ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы қоғамның әлеуметтік және ғылыми дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген сала қызметкерлерінің еңбегін дәріптеудің маңызды қадамы. Бұл бастама ел дамуына үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Ескелді аудандық филиалының төрағасы Ә.Айтбузинова осы бағытта бірқатар білім беру саласында жүйелі жұмыс жүргізген қызметкерлерге құрмет көрсеткен болатын.
Бүгінгі күні Бақтыбай ауылында орналасқан «Балбөбек» балабақшасының еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіподақтың атқарған жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, балабақшаның шаруашылық жұмысы жөніндегі меңгерушісі С.Ахбанбетованы мерейлі мерекесімен құттықтады.
«Еңбек адамы» төсбелгісі - кәсіподақ мүшелері мен білім беру ұйымдарының педагогикалық емес мамандық иелеріне арналған ерекше марапат. Ол көп жылғы адал еңбек, жоғары кәсіби шеберлік пен үлгілі көрсеткіштері үшін беріледі.
Сәуле Ғалиоллақызын осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық пен шаттық тілейміз! Сіздердің елеулі еңбектеріңіз біз үшін үлкен мәртебе. Шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Жетісу облысы, Ескелді аудандық филиалы