
КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА
Келісу комиссиясының мүшелері мемлекетіміздің еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек даулары бойынша консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайынғы оқудан өтуге міндетті.
Кәсіподақ жүйелі негізде келісу комиссияларының мүшелерін оқытумен айналысады. Осыған орай, 2025 жылғы 3 маусымда Ақтау қаласында білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымында келісу комиссиясын құру. Келісу комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің мәжіліс залында өтті. Колледж қазіргі таңда «Dosti Skills Aktau2025» халықаралық салалық чемпионатына белсенді қатысуда.
Семинар модераторы Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева болды.
Дауласушы тараптарды келісімге келтіру және дауды еңбек заңнамасына сәйкес шешу мүмкіндігі семинарға қатысушыларға нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-