
КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ
2025 жылғы 25 мамырда Қарағанды облысы Нұра аудандық кәіподағының қолдауымен А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы Ақмола облысы, Целиноград ауданының, Қабанбай ауылында орналасқан «Форте-Люкс» демалыс орнында тимбилдинг ұйымдастырды.
Тимбилдинг – бұл ұжымдағы бірлікті нығайтуға, қызметкерлердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнатуына және мотивациясын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені. Мұндай шаралар әріптестер арасындағы түсіністікті жақсартып, жұмыс тиімділігін арттырып, күйзелісті азайтып, психологиялық ахуалды жақсартуға сеп болады.
Табиғаты әсем, тыныш, барлық жағдай жасалған демалыс орнында түрлі ойындар, спорттық жарыстар, экскурсиялар ұйымдастырылды. Бұл демалыс ұстаздар үшін тамаша сергіту болды. Барлығы ризашылықпен, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
Ұжымдағы татулықты арттыруға, бірлік пен серіктестікті нығайтуға бағытталған ұмытылмас күн болды.