ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы мен Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары мен қызметкерлері арасында облыстық спартакиадасын ұйымдастырды.
Спартакиада барысында Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың бас төрешісі Жалғас Марденов бекітілген ережемен таныстырып, волейбол, баскетбол, мини футбол, арқан тарту, тоғызқұмалақ және үстел теннисі сынды спорт түрлерін таныстырды. Өтетін орындарын нақтылады.
Жолдастық кездесуге жалпы саны 7 колледж қатысты.
Спартакиада қорытындысы ертең, яғни 30 мамыр күні шығарылады.
-
Фотографии
-