
ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева биылғы оқу жылында ұстаздықтың үздік үлгісін көрсетіп, Республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген мұғалімдерді марапаттап, арнайы құрмет көрсетті.
- Құрметті әріптестер! Қай кезде де мұғалім мамандығы бұл ағартушылық бағытты ұстанып, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие берер қасиеті биік қызмет. Осындай қызметтің төрінен көрініп, білім деңгейінің өз биігінен түспей жеңісті әрі жемісті түрде дәлелдеп келесіздер. Бұл сіздердің мамандыққа адал, іске шынайы берілгендеріңіздің көрінісі деп білемін. Республикадағы мықтылардың бәйгесінде топ жарған сіздерге қарап шәкірттеріңіз де осал болатындығы, биікке ұмтылуға бейімделетіні анық. Сондықтан да алдағы уақытта білім белесін бағындырып, салада табысты еңбек ете бересіздер деп сенемін. Абыройларыңыз аласармасын, -деді ауданның бас ұстазы.
Бұдан кейін, арнайы Алғыс хаттарды табыстап, жеңімпаз ұстаздарға сыйлық үлестірді. Өз кезегінде мұғалімдер мұнымен тоқтап қалмайтындарын, балалардың болашағы үшін ізденісті жалғастыратындарын айтып, бөлім басшысына ризашылық білдірді.
-
Фотографии
-