
ТЕМІР АУДАНЫНДА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Ақтөбенің Темір ауданында 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай білім саласы қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Мерекелік басқосуда ауданның білім беру ісіне сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздар мен педагогикалық ұжым өкілдері марапатталып, құрметке бөленді. Атап айтқанда, 40 педагогке Алғыс хаттар мен «Сарыағаш» шипажайына жолдамалар табысталды.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен және шәкірт тәрбиесіндегі қажырлы еңбектерімен құттықтап, алдағы уақытта да кәсіподақ тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізді.
Марапат соңында білім қызметкерлерінің құрметіне концерттік бағдарламалар ұсынылды.