
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Бүгінгі кейіпкеріміз - бала жанының бағбаны, ел болашағынын тірегі болар бүлдіршіндерге білім мен тәрбиені қатар беріп келе жатқан КМКҚ “Сыр бөбегі”бөбекжай бақшасының бейнелеу өнері маманы Арызқұлова Айдана Абдуллақызы.
Айдана Абдуллақызы “Қазақ гуманитарлық заң және техникалық” колледжінде “Бастауыш білім береу” мамандығын үздік тәмамдады. Кейін “ Ақмешіт” институтында “Бейнелеу өнері және сызу” мамандығын игерді. “Сыр бөбегі” бөбекжай бақшасының алғашында тәрбиеші, кейіннен бейнелеу өнері маманы болып 10жылдан бері қызмет жасауда, педагог-сарапшы санатындағы білікті маман.
Ол бүлдіршіндерді өз бетінше ізденуге баулып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ата-аналар мен әріптестерінің ыстық ықыласына бөленіп жүрген тұлға – жаңашыл әрі ізденімпаз маман.
Айдана Абдуллақызы– түрлі байқаулардың жүлдегері.
Қала әкімінің “Самғау” жастар сыйлығы иегері, “Үздік авторлық бағдарлама” , “Үздік жоба”, “Үздік педогог” байқауларының жеңімпазы.
Халқаралық , республикалық, облыстық, қалалық конференсиялар мен семинарларда өз тәжірибесімен бөлісіп,шығармашылық шеберлігін танытты. Тәрбиеленушілер де облыстық, республикалық білім сайыстарында жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
Жас болсада өзін жан-жақты таныта білген Айдана Абдаллақызы өзімен бірге шәкірттерін биікке жетелеп жүрген білікті, шығармашыл, өз ісінің үздігі!