
КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ: ЕҢБЕК ҚОРҒАУЫ - БАСТЫ МІНДЕТ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай “JAN AHUAL” психологиялық қолдау қолдау орталығында қоғамдық бақылау шарасын өткізіп, ұжыммен кездесті.
Кездесу барысында заңгерлер мекемедегі еңбек қатынастарына қатысты ішкі құжаттарды талдап, еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарға сай сақталуын тексерді.
Қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты – білім мекемелеріндегі еңбек қатынастарының заңға сәйкестігін қадағалау, қызметкерлердің құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету және кәсіподақ мүшелерін құқықтық тұрғыда қолдау.
Еркін форматта өткен сұхбат кезінде ұжым мүшелері кәсіподақтың құқықтық көмегіне қатысты өз пікірлерін ортаға салып, еңбек қатынастарындағы ашықтық, әділдік пен әлеуметтік әріптестікті дамыту жайлы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, ұжым ішінде келісім мәдениетін қалыптастыру, еңбек заңнамасын білу және оны қолдану деңгейін арттыру сынды маңызды бағыттар талқыланды.
Осындай іс-шаралар еңбек ұжымдарындағы құқықтық мәдениетті арттыруға, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және тараптар арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ұжым ішіндегі тұрақтылық пен өзара сыйластықты қалыптастыруға ықпал етеді.
-
Фотографии
-