
КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫМЕН ӨТКЕН СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Ауқымды спорттық шараға өңірдің 24 колледжінен 500-ден астам педагог қатысты.
Қатысушылар волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық сынды ұлттық және классикалық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Бұл жарыс педагогтардың салауатты өмір салтын ұстанып, ұйымшылдық пен серіктестік қарым-қатынасты дамытуына ықпал етті.
Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте I орынды иеленген Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжіне 700 мың теңгенің, II орын алған Ақтөбе жоғары политехникалық колледжіне 500 мың теңгенің, ал III орынға ие болған Ақтөбе автожол колледжіне 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.
Айта кетейік, қаржылай сертификаттар Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының тарапынан берілді. Марапаттау рәсімінде жүлдегер командаларға сыйлықтарды Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілі Айжарық Серімбетов табыстады.
Сонымен қатар, жеңімпаз командалар Алматы қаласында өтетін республикалық спартакиадада Ақтөбе облысының намысын қорғайды.