
МЕДБИКЕЛЕР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
12 мамыр – Дүниежүзілік медбикелер күніне орай Ақтөбе облысының Шалқар ауданында білім беру ұйымдарында қызмет ететін медбикелерге құрмет көрсетілді. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған салтанатты шарада медбикелер алғысқа бөленді.
Шара барысында аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының атынан бірлескен алғыс хаттар табысталып, медицина қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға берілді. Мерекелік шара аясында он медбикеге Сарыағаштағы шипажайға жолдама табысталып, бұл күтпеген сый шараның ең жарқын сәттерінің біріне айналды.
Кәсіподақ төрағасы Гүлсайра Құлекенова сөз сөйлеп, мерекелік іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
-Медбикелер – білім беру саласындағы жас ұрпақтың денсаулығына жауапты жандар. Олардың еңбегі өлшеусіз. Біз әрдайым осындай мейірімді мамандарды қолдауға дайынбыз, – деді ол.
Мерекелік жиын медбикелер үшін қуаныш пен мақтанышқа толы сәтке айналды.