
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым Ерікқызы Талдықорған қаласындағы «№14 орта мектеп-гимназиясы» КММ-ның ұжымымен мереке қарсаңында кездесті. Ұстаз деген ұлы есімді арқалап жүрген, шәкірттеріне білім мен тәрбие беріп жүрген құрметті ұстаздар-А.Нұрсейітова, О.Топаев және «Жұмысшы мамандар жылы» аясында білім шаңырағының қызметкері Г.Төлегенованың еңбектері ескеріліп, «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ «Еңбек адамы» төс белгілерімен марапаттады.
Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым Ерікқызы және «№14 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің директоры Ж.Естібаева құттықтау сөз сөйлеп, ақ тілек лебіздерін жеткізді.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жаңа берсін!
Жетісу облыстық ұйымы
-
Фотографии
-