
ТӘЖІРИБЕ МЕН КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Ұлықпанова Роза Сәуірбайқызы – білікті басшы және 29 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты педагог, үздік ұйымдастырушы. Ол 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, еңбек жолын туған жерінде мұғалім болып бастады.
Роза Сәуірбайқызы мектеп директорының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, бірнеше мектептің директоры қызметтерін абыроймен атқарды. Қазіргі таңда Ойыл қазақ орта мектебінің директоры.
Білім сапасын арттыру мен ұжымдық жұмысты ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақтаған басшы ретінде ол республикалық және халықаралық деңгейде шәкірттерін жеңіске жетеледі. Оның жетекшілігімен мектеп облыстық және аудандық гранттар иегері атанып, материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылды. “Soft skills” технологияларын енгізіп, облыстық эксперименттік алаң жобасын сәтті аяқтады.
Кәсіби жетістіктері үшін Роза Сәуірбайқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, “Үздік ұстаз” медалімен, “Жыл адамы – 2018” атағымен және ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар, ол республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жоба қорғап, кәсіби шеберлігін кеңінен танытып келеді.
Ізденісті өз өмірінің ұстанымына айналдырған Роза Ұлықпанова – жаңашыл көшбасшы және білім саласының абыройлы өкілі.