
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Қызылордада «Кәсіподақтар үйі» ғимаратында облыстық білім кәсіподағының ұйымдастыруымен Ауған соғысында ерлік көрсетіп, аймақтың білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерлермен кездесу өтті.
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында өткізілген басқосуда кәсіподақ төрағасы Гүлнар Есқалиева Ауған соғысы ардагерлерін құттықтап, олардың ел мен ұлтқа сіңірген еңбектері мен шынайы патриотизмінің бүгінгі жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесіне алғыс білдірді.
Кездесу барысында ардагерлер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізіп, кәсіподақ қызметіне сәттілік тіледі. Жиын соңында Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік сый-сияпаттар табысталды.
-
Фотографии
-