ЖЕТІСУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жұмыс жоспарына сәйкес Атқару комитетінің кезекті отырысын өткізді.
Отырысты облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі кәсіподақ филиалының атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған облыстық ұйымның кәсіподақ мүшелері бойынша статистикалық есебінің қорытындысы және кәсіподақтың құқық қорғау бағытындағы атқарған жұмыстары талқыланды.
Отырыс барысында кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыру, мүшелердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен сөз болды. Статистикалық есеп жүргізудің маңыздылығы атап өтіліп, мүшелердің нақты санын анықтау, олардың әлеуметтік құрамын талдау бағытындағы жұмыстарды жүйелеу қажеттігі айтылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, аудандық және қалалық филиалдардың жұмысын жетілдіру, кәсіподақ мүшелерімен кері байланысты күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиында бақылау-тексеру комиссиясының жұмыс жоспары бекітіліп, 2025 жылға арналған қаржылық жоспарға қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, ұйым қызметіндегі атқарушылық тәртіпті күшейту қажеттігі атап өтілді.
Отырысты қорытындылай келе, Атқару комитеті алдағы кезеңде кәсіподақ қызметін жетілдіру, мүшелердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.қажетті қаулыларды қабылдады.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-