КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Қызметкер 2 күн ауырып уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтаманы жұмыс берушіге ұсынды, осы жағдайда қызметкерге ақы төленеді ма?
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын берудің тәртібі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларымен айқындалады (әрі қарай - Қағидалар).
Сұраққа дұрыс жауап берілуі үшін орын алған жағдайда қызметкерге 2 күнге берілген құжаттың еңбекке жарамсыздық парағы, немесе еңбекке жарамсыздық анықтамасы екені нақты белгілі болуы тиіс.
Қағидалардың 2-тармағы 2), 3) – тармақшаларына сәйкес
еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша
жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;
еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын,
еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат.
Мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде
еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе
анықтамасын күнтізбелік 3 күннен аспайтын мерзімге береді. 3 күннен жоғары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ұзартуды учаскелік дәрігер жүргізеді.
ҚР Еңбек кодексінің 133-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
Сонымен, ресми «еңбекке жарамсыздық парағы» болған жағдайда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
Ал, «еңбекке жарамсыздық анықтамасы» болса, ол тек жұмыстан қалған күндерді «дәлелді себеп» ретінде бекітеді, бірақ ол күндерге ақы төленбейді.