ПОЧТА ПРОФСОЮЗА
Мен бастауыш сынып мұғалімі болып «педагог-зерттеуші» санатын алдым. Біліктілік талаптарына сәкес болғандықтан 2026 жылдың қаңтарынан бастап жоғары сыныптарға орыс тілі мұғалімі болып ауыстым. Осыған орай, маған №83 бұйрықтың 27-тармағы бойынша бастауыш сынып мұғалімі ретінде алған «педагог-зерттеуші» санатым орыс тілі пәніне сақтала ма?
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 27- тармағында бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогты (оның ішінде әдіскерді) басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталатыны көрсетілген.
Сіздің жағдайда, бастауыш сынып мұғалімі ретінде алған «педагог-зерттеуші» біліктілік санатыңыз орыс тілі пәні лауазымына бейіні сәйкес келмегендіктен сақталмайды.