ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ТЕМИРСКОЙ РАЙОННОЙ ОРГАНИЗАЦИИ ВСТРЕТИЛАСЬ С ЧЛЕНАМИ ПРОФСОЮЗА
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында аудандағы №2, №3 және №6 жалпы білім беретін мектептерде, Ж.Кереев атындағы мектепте, Қопа мектебінде, Шұбарқұдық гимназиясында, сондай-ақ «Балақай» және «Балдаурен» балабақшаларында кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан қоғамдық бақылау ұйымдастырылып, еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық шарттардың орындалуы және кәсіподақ жұмысына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Сонымен қатар, кәсіподақтың жыл бойғы қызметі бойынша есеп беріліп, өткен кезеңдегі атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға еңбек құқықтары, еңбек шартының жасалуы, еңбекақы төлеу тәртібі және әлеуметтік кепілдіктер туралы толық ақпарат берілді. Кәсіподақ мүшелерінің жеке сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, түскен өтініштер мен арыз-шағымдардың заң аясында қаралатыны айтылды.
Осы кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсартуға, мүшелермен кері байланысты нығайтуға және өзекті мәселелерді уақытылы шешуге бағытталды.
-
Фотографии
-