КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Мектепте 1 жүктеме мұғаліммін, 0,5 жүктеме директордың орынбасары болып қызмет атқарамын, директордың орынбасары болғаны үшін магистр дәрежісі үшін қосымша ақы төленбейді дейді, қаншалықты дұрыс?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) бекітілген.
Жоғарыда көрсетілген Қаулының 4-Қосымшасының 10-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы көзделген. Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.
Осыған орай, егер негізгі жұмыс пән мұғалімі болса, магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленуі тиіс.