ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ақтөбеде Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен келісім комиссиясының мүшелеріне арналған «Еңбек дауларының алдын алу және келісім комиссиясының жұмысының ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов еңбек дауларын шешу тәртібі және ұжымдағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, келісім комиссиялары жұмысына қатысты бірқатар өзекті сұрақтар ортаға салынды.
Айта кетейік, аталған семинар құқықтық сауатты кеңейтіп, ұжымдағы еңбек қатынастарын нығайтуға бағытталған.
-
Фотографии
-