КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
Бүгін ЗУМ платформасында Салалық кәсіподақтың Жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына орталық және өңірлік деңгейдегі Жастар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысып, 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, 2026 жылға арналған негізгі бағыттар мен басым міндеттерді жан-жақты талқылады.
Отырыста жастар саясатын жүйелі әрі тиімді жүзеге асыру мақсатында бірқатар маңызды ұсыныстар мен бастамалар көтерілді. Олардың қатарында жастармен тікелей жұмысты күшейту, халықаралық жазғы лагерь өткізу, озық өңірлік тәжірибені тарату, жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру секілді жұмыстар бар.
Кеңес отырысында көтерілген барлық ұсыныстар жастардың белсенділігін арттыруға, олардың әлеуетін ашуға және кәсіподақ қозғалысындағы рөлін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.