КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Жалпы орта білім беру мектебінде педагог-дефектолог лауазымын атқарамын, 14 ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын жүргіземін. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежем үшін қосымша ақы төлене ме?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) бекітілген.
Жоғарыда көрсетілген Қаулының 4-Қосымшасының 10-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, әдістемелік кабинет (орталық) педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы көзделген. Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.
Осыған орай, Сіздің жағдайда, мұғалімдік қызмет, яғни үлгілік оқу бағдарламаларымен белгіленген оқу жүктемесі болмағандықтан, педагог – дефектолог лауазымы бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленбейді.