
Поздравление председателя профсоюза отрасли Айгуль Мукашевой с Днем профсоюзов
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
АРДАҚТЫ КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!
Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан және жеке өз атымнан сіздерді кәсіби төл мереке – Кәсіподақтар күнімен және еліміздің кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрамындағы ғасырлық тарихы бар ең ірі мүшелік ұйым - Салалық кәсіподақ өзінің басты миссиясы – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауды, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дәйекті және жүйелі іске асыруға, еңбекақының лайықты деңгейін және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға белсенді қол жеткізуде.
Қадірлі әріптестер! Баршаңызға кәсіподақ мүшелерінің игілігі жолында қажырлы қызметіңіз үшін алғыс білдіремін.
Ардақты ардагерлер! Сіздерге еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін үлкен ризашылығымды жеткіземін, сіздердің теңдессіз тәжірибелеріңіз бүгінгі күні жас кәсіподақ көшбасшылары үшін баға жетпес қазына.
Құрметті әріптестер! Мерейлі мерекеде Сізге зор денсаулық, еңбекте табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілеймін. Қоғам игілігіне бағытталған қажырлы қызметіңіз жемісті болып,
абыройыңыз асқақтай берсін.
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАССЫН!
Ізгі ниетпен,
төраға Айгүл Мұқашева