
ПОЧТА ПРОФСОЮЗА
Педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы мұғаліммін, пән бойынша сағатым жоқ. Санатым – педагог-зерттеуші, маған магистр дәрежесіне үстеме ақы қосыла ма?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) бекітілген.
Жоғарыда көрсетілген Қаулының 4-Қосымшасының 10-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, әдістемелік кабинет (орталық) педагогтарына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы көзделген. Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.
Осыған орай, Сіздің жағдайда, педагог – ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген нормаға кірмегендіктен магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленбейді.