
ПРОФЕССОР ЕҢБЕГІ
Бірнеше жылдан бері Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Заманауи зерттеулер институтының директоры, саясаттану бойынша философия докторы (PhD), профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен әріптестік қатынаста жұмыс жасап келеміз.
‼️Биылғы жылы да Алакөл жағалауында «100 жылдық жол: жас ұстаз – жаңа дәуірдің тірегі» тақырыбында жас педагогтарға арналған дәстүрлі республикалық жазғы лагерінде профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров жас ұстаздар - Салалық кәсіподақ мүшелеріне “Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында” атты дәріс оқып, шабыттандырды. Бұл жас педагогтерге тарихтың тағылымын алуға зор септігін тигізді деп ойлаймын.
📌Ғалымның 20 жылдық зерттеулерінің нәтижесі - М.Сыдықназаровтың Бельгияда шыққан 2021 және 2024 жылдардағы іргелі ғылыми еңбектері XV-XIX ғғ. еуропалық және америкалық карталарда Қазақ Мемлекетінің аумақтық-саяси дербестігін дәлелдеуге бағытталған тарихи картография саласындағы серпінді зерттеулер.
Зерттеулер 2000-шы жылдардан бастап 20 жылға жуық уақыт ішінде жүргізіліп, кең аумақты қамтыды.
📌Зерттеу барысында ғалым IX—XIX ғасырлардағы Қазақ Мемлекетінің 4000-нан астам картасын зерттеп, талдады. Жұмыс аясында ғалым Еуропа, Таяу Шығыс пен Азияның, АҚШ мемлекеттік және ұлттық музейлерде, коллекцияларында, мұрағаттарында, Еуропаның корольдік картографиялық жинақтарында, жетекші картографиялық орталықтарында сақталған IX-XIX ғғ. Қазақ Мемлекетінің 4000-нан астам карталарын зерттеп, сараптады.
📌Аталған зерттеулер арқылы XV—XIX ғасырлардағы Қазақ Мемлекетінің 350 көне сирек кездесетін картасы алғаш рет жүйелі түрде зерттеліп, 2021 және 2024 жылдары Бельгияның Брюссель қаласында жарық көрген екі монографияда жарияланды. Бұл карталар Қазақ Мемлекетінің геосаяси субъектілігін, оның аумақтық тұтастығын және көрсетілген хронологиялық аралықтағы мемлекеттіліктің үздіксіздігін растайды.
📌Ғалымның Бельгия, Брюссельде баспадан шыққан екі еңбектерінде, нақтылап айтқанда:
✅1) Мұхит-Ардагер Сыдықназаров. Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті. Атлас. – Брюссель: 2021. – 532 бет.
Mukhit-Ardager Sydyknazarov. Uninterrupted History of Nationhood in Kazakhstan. The Kazakh State on European and American Maps of the XVI-XIX Centuries. Atlas. – Brussels: 2021. – 532 pages.
✅2) Мұхит-Ардагер Сыдықназаров. Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті. Атлас. – Брюссель: 2024. Екінші басылым, кеңейтілген және толықтырылған. – 572 бет.
Mukhit-Ardager Sydyknazarov. Uninterrupted History of Nationhood in Kazakhstan. The Kazakh State on European and American Maps of the XV-XIX Centuries. Atlas. – Brussels: 2024. Second, expanded edition. – 572 pages.
20-ма жылдағы зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген.
📌Ғалым еңбегі нағыз шынайы ғылыми ашылымдар болып табылады: Еуропа, АҚШ, Азия және Таяу Шығыс мұрағаттарынан Қазақ Мемлекетінің IX-XIX ғғ. карталарын іздеу, жүйелеу және терең зерттеу. Алғаш рет IX-XIX ғғ. 4000-нан астам бірегей карталар жүйеленді, оның 350-ден астамы XV-XIX ғғ. сирек жәдігер карталар аталған еңбектерге енді. Зерттеу жұмысында 600 жыл бойы Қазақ мемлекеттілігінің кеңістіктік-территориялық сабақтастығы мен үзіліссіздігі, еуропалық жетекші картографтары, дипломаттары мен саяхатшыларының карталарында сызылған Қазақстанның политонимдерін, топонимдерін анықтау мәселелері қамтылған.
📌Ғалымның еңбектерінде қазақтың жаңа қалаларының, тарихи тұлғаларын табылуы туралы тың деректер енген. Ғылыми зерттеулер дүние жүзіндегі көп ғасырлық картографиялық дәстүріндегі Қазақ Мемлекетінің геосаяси субъектілігі мен егемендігін айқын көрсетеді.
✅1) Ғалымның өз еңбектеріндегі Қазақ Мемлекетінің политонимдерін анықтау және жүйелеу. Ғалым корольдік, әскери, сауда және дипломатиялық карталардың кең жинағында кездесетін Қазақ Мемлекетінің политонимдерін анықтап, жүйелеген. Ерекше маңыздылығы бар жаңалық — бұрын белгісіз болған Қазақ Мемлекетінің «Жете» («Жете Мемлекеті», «Жете Корольдігі», «Жете патшалығы» «Жете Елі») политонимінің ашылуы. Бұл деректер Қазақ Мемлекетінің саяси, дипломатиялық және әкімшілік субъектілігінің, егемендігінің және өркениеттік тәуелсіздігінің халықаралық деңгейде танылғанын растайды.
✅2) 2007—2024 жылдар аралығында 4000-нан астам сирек кездесетін карталардың табылуы. Ғалым IX—XIX ғасырлардағы Қазақ Мемлекетінің еуропалық (генуялық, венециялық, флоренциялық, австриялық, нидерландық, бельгиялық, ағылшын, француз, швейцариялық, италиялық, испан, неміс, португал, швед, ирланд, норвег, дат, поляк, грек, венгр, орыс), америкалық және шығыс карталарын тапты.
✅3) Еуропа және Америка картографиялық дереккөздерінің талдауы негізінде Қазақ Мемлекетінің үздіксіз мемлекеттілігін құжаттық растау.
✅4) Қазақ Мемлекетінің бейнесін көрсету контекстінде батыс картографиялық дәстүрін зерттеу. XV-XIX ғғ. халықаралық картографияда Қазақстанның тарихи идентификациясын көрсететін жүздеген политонимдер мен топонимдер алғаш рет анықталып, жүйеленді.
✅5) XV-XIX ғғ. Қазақ Мемлекетінің бұрын белгісіз болған қалаларды ашу және локализациялау. Жүргізілген зерттеулер арқылы заманауи Қазақстан және көршілес елдер аумағында бұрын белгісіз немесе археологиялық зерттеулерде сипатталмаған кемінде 25 қазақ қала анықталды. Олар: Шайбаншық, Қосмай, Солқанат, Масуиз, Рисан, Найям, Рауоры, Барскол, Анниби/Анниби Найманорум, Лакмары және Йером/Жерым және т.б. Сонымен қатар, қазіргі Атырау облысы аумағында жоқ болып кеткен Каспи теңізінің ортағасырлық Шайсуре/Бахтияр шығанағы анықталды.
✅6) Қазақ Мемлекетінің дипломатиялық және әскери картографиясын зерттеу, мәдени мұраны байыту: 1457 жылғы генуялық әлем картасында Қазақ ханы Жәнібектің өмір сүрген кезеңдегі суреті және 1557—1576 жылдары Англияда патшайым Елизавета I сарайындағы Қазақ Мемлекетінің алғашқы дипломатиялық өкілі Ару-Сұлтанның портреті, және оған қатысты Британ кітапхансынан архивтеріндегі хроникалық деректер алғаш рет табылып, зерттелді. Бұл ашылулар Қазақстанның тарихи жадын және мәдени мұрасын қалпына келтіру үшін өте маңызды.
✅7) Картографиялық дереккөздер негізінде Қазақ Мемлекетінің демографиясы және миграциясы: XIX ғасырдағы Қазақ Мемлекетінің халқы саны туралы бірегей деректер анықталды. 1822 және 1856 жылдарының француз карталары халық санын 4,5 миллион адам деп көрсетеді. Бұл деректер XX ғасырдың басына дейінгі демографиялық өсу динамикасын растайды және тағы да басқа маңызды ғылыми жаңалықтар.
‼️Қазақ тарихында тұңғыш рет Қазақ Мемлекетінің тарихи карталары ең сенімді жазба дереккөз ретінде ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың арқасында ғылыми айналымға енгізіліп, терең зерттелді. Қазақ Мемлекетінің тарихи географиясы, үзіліссіз қазақ мемлекеттілігінің картографиясы, Қазақ Мемлекетін көрсететін шығыс және батыс (еуропалық, америкалық) карталардың массивін зерттейтін, осы уақытқа дейін Қазақстанда жүйелі түрде болмаған ғылыми зерттеулердің дербес бағыты, білімнің жаңа іргелі саласының қалыптасуына алғаш рет іргетасы қаланды. Ғалым тарихи картография, география, геосаясат, деректану, лингвистика, еуропатану және түркология, халықаралық қатынастар, этнология және мәдени антропология және т.б. әдістерін біріктіретін кешенді әрі күрделі пәнаралық әдісті қолданады. Тұңғыш рет Қазақ Мемлекетінің сирек карталарының бастапқы дереккөздерінің толық классификациясы жүргізіліп соның негізінде Қазақстанның 200-ден астам политонимдері сипатталды, дипломатиялық және геополитикалық байланыстары анықталды. Зерттеудің бірегейлігі – Қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығын және оның XV-XIX ғғ. халықаралық саяси-географиялық бейнеленуін, локализациясын дәлелдеуге мүмкіндік берген картографиялық талдаудың тарихи дереккөздермен интеграциялануында.
‼️Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың зерттеулері XV—XIX ғғ. Қазақ Мемлекетінің картографиялық мұрасын зерттеуге елеулі үлес қосатын аймақтық, ұлттық және халықаралық контексттерді қамтитын ірі ғылыми жоба болып табылады. Ғалымның еңбектері сирек картографиялық дереккөздерді жинақтау мен жүйелеуді ғана емес, сонымен қатар әлемдік картографиядағы Қазақстанның бейнесін қалыптастыратын саяси, географиялық, дипломатиялық және сауда факторларын жан-жақты талдауды қамтиды. Отандық және әлемдік ғылым тарихында тұңғыш рет XV-XIX ғғ. Қазақ Мемлекеті территорияларының картографиялық мұрасы кең хронологиялық және географиялық тұрғыдан қарастырылғаны сонша, бұл зерттеудің бірегейлігін және ғылыми маңыздылығын айқындайды.
Жеткізілген әлеуметтік салдары мен әсері. Ғалымның зерттеулері тарихи олқылықтардың орнын толтырып, ғылыми қауымды жаңа бірегей дереккөздермен қамтамасыз етті.
📌Ғалымның ғылыми зерттеу нәтижелері Франция Ғылым Академиясында, Польша Ғылым Академиясында баяндалды, Түркі Әлемі Географтарының тұңғыш Конгресінде ұсынылып, география ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Алтын медальмен марапатталды.
Зерттеулер Францияның Ұлттық кітапханасы, Британ кітапханасы, АҚШ Конгресінің кітапханасы, Бельгияның Корольдік кітапханасы сияқты әлемдік деңгейдегі мұрағаттар мен кітапханаларда жүргізілді. М.А. Сыдықназаровтың монографиялары алты ғасыр бойы Қазақ Мемлекетін бейнелейтін еуропалық және америкалық карталардың толық жинағын қамтитын алғашқы каталогтанған кітаптар-атластар болып табылады.
📌Бұл жетістік Қазақстанның халықаралық саудаға және Шығыспен де, Батыспен де дипломатиялық қарым-қатынастарына интеграциялануының жоғары деңгейін көрсететін қазақстандық ғылымдағы серпіліс болып табылады.
Ғалымның еңбектері Орталық Азия тарихы, тарихи география, картография және мемлекеттілік теориясы бойынша құнды дереккөз ретінде кең халықаралық резонанс тудырды. М.А. Сыдықназаровтың Франция Ғылым Академиясында (2023) және Польша Ғылым Академиясында (2024) өткен отырыстарындағы баяндамалары, сондай-ақ Варшава университетіндегі дәрістері оның зерттеулерінің халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан танылғанын көрсетеді.
📌Ерекше назар Түркістан қаласында өткен Түркі әлемі географтары конгресінде (2024) алғаш рет ашылған «IX—XIX ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінің ескі карталары Галереясына» аударылады, онда ғалым түркі мемлекеттерінің географиясын зерттеуге қосқан үлесі үшін Алтын медальмен марапатталды. Галереяда ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров тапқан Әзірбайжан, Қазақ, Қырғыз, Түрікмен, Түрік және Өзбек мемлекеттерінің сирек карталар енген, бұл зерттеудің пәнаралық сипаты мен түркі әлемі үшін маңыздылығын көрсетеді.
📌Бірегей карталарды ғылыми және қоғамдық айналымға енгізу Қазақстан тарихын зерделеудің және оның тарихи-мәдени мұрасын әлемдік деңгейде нығайтудың жаңа перспективаларын ашты. Ғалымның бастамасымен Қазақстанда және шетелде мұражай көрмелері мен Қазақ Мемлекетінің картографиялық Галереялар ашылған арқылы Қазақстанның мәдени мұрасы байып, насихатталып отыр.
‼️Қазақ мемлекеттілігінің тарихи картографиясын дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровты А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі мемлекеттік комиссияға хат жолдап, 21 мүшелік ұйымның атынан қолдау білдіреміз.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева
-
Фотографии
-