• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҰЛТ …

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҰЛТ МЕРЕЙІ

Егемен еліміздің болашағы мен өскелең өркениет өзегі бастау алатын мектептің жүрегі - мұғалім. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі»,-деп ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ұстаздық - ардақты мамандық. Шәкіртке белгілі бір мамандық саласынан дәріс беріп қана қоймай, оған өмір сабағын, адамдық ажарын, кісілік келбетін үйретіп, дарыту - ұстаздың абзал борышы.

«Мұғалімдік мамандық - адамтану, адамның күрделі де қызықты , шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу» дейді педагог В.Сухомлинский. Осындай қастерлі мамандықтың туын көтеріп, ел болашағының иелерін өсіруде талмай еңбек етіп жүрген, өз ісіне адалдықпен қарайтын ұстаздардың бірі- Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтеген Бақтыгүл Күзербайқызы.

Бақтыгүл Күзербайқызы 1993 жылы Атырау педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын Байғанин ауданы, Сағыз орта мектебінде бастады. 1997 жылдан бері Мәртөк ауданындағы №2 Мәртөк мектеп – гимназиясында мамандығы бойынша жұмыс жасап келеді. Санаты – педагог – зерттеуші. Еңбек өтілі – 30 жыл.

Бақтыгүл Күзербайқызы - өз пәнін жетік меңгерген, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін ізденімпаз ұстаз. Кәсіби білімін жетілдіріп, деңгейлік, жаңартылған бағдарламалар бойынша курстардан өтті, түрлі семинар мен конференцияларға қатысады, педагогикалық басылымдарға еңбектерін жариялайды. Мектеп, аудан көлеміндегі шараларды ұйымдастыруға белсене қатысады. Мұғалімдердің республикалық "Ел-Назар" журналында «Далаға -Қаныш, Қанышқа -дала жарасқан» атты сабағы, ал облыстық «Ақтөбе ұстазы», «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» газет - журналдарында «Сабақтас құрмаластың түрлері», «Сөзі асыл қазағымның Фаризасы», т.б. сабақ жоспарлары жарық көрді. «Абай шығармаларына негізделген қысқа мерзімді сабақ жоспарлары» атты әдістемелік құрал, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жаңашыл сабақ үлгілері» тақырыбында электронды ортa жасап шығарды. Кәсіби байқауларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Білім сапасы – мұғалім еңбегінің басты көрсеткіші. Бақтыгүл Күзербайқызының оқушылары 2010-2016 жылдар аралығында ҰБТ- да қазақ тілінен 100% білім сапасын көрсетті. Мұғалім педагогикалық қызметінде көптеген «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін дайындады. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша шәкірттері Астана, Алматы, Арқалық, Ақтөбе қалаларындағы жоғары оқу орындарына грантпен қабылданды.

Олимпиада – жүйріктер додасы. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізе отырып, оларды олимпиада, байқау-жарыстарға,шығарма сайыстарына дайындайды. Облыстық, республикалық олимпиадаларға, сайыс - байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген оқушылары өте көп. Солардың ішінде тілін ұстартқан шәкірті Тубабаев Нұрсұлтан бүгінде ақындығымен көрініп, ел ішінде белгілі әндердің сөзін жазып танылып жүр. Оқушысы Полатова Айнура «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде ІІІ орын алды. Сағынтаева Арайлым пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 2019 жылы ІІ, 2020 жылы ІІІ,, 2021 жылы ІІ орын, 2020 ж.республикалық онлайн олимпиадада қазақ тілінен І орын, Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІІ орын, облыстық «Ақберен» байқауында Мақтау қағазын, облыстық "Абайтану" олимпиадасында ІІІ орын иеленді. Темірбекова Жаннұр облыстық «Ақтөбенің әдебиет әлемі» байқауында ІІ орын, аудандық пәндік олимпиадада І орын, облыстық «Біз рәміздерді құрметтейміз» эссе байқауында ІІ орын, Тілеубаева Ж. облыстық «Достық» олимпиадасында ІІ орын, облыстық «Туған өлкемнің тарландары» эссе байқауында ІІ орын, Елтаева Қ. облыстық «Жамбыл жырлары» байқауында Мақтау қағазын, Ербосынова Г. облыстық «Достық» олимпиадасында ІІ орын, Есенаман А. облыстық олимпиадада 2021жылы Мақтау қағазын, 2022 жылы ІІІ орын алды. Айгалиева А. "Едіге жыры - қаһармандық жыр" облыстық эссе байқауында ІІ орынға ие болды.

Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері үшін Өтеген Бақтыгүл Күзербайқызы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, Ақтөбе облысы «Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Ол - «Мәртөк ауданының жыл адамы -2016» атағының иегері. Бақтыгүл Күзербайқызы - жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде үнемі ізденісте жүретін еңбекқор ұстаз.

 

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Наурыз 13, 2023
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты