• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗ ҰЛЫҒЫЛАНДЫ

ҰСТАЗ ҰЛЫҒЫЛАНДЫ

«Ұстаз ұлы – тұлға» деген аталы сөз бар. Ғұмырының 40 жылдан астам кезеңін білім беру саласына, соның ішінде жоғары білім мен ғылымға арнап келе жатқан физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Дүйсенбек Орынғалиұлы Құлжановтың есімі әріптестері арасында құрметпен аталады.

1984 жылы сол кездегі ҚазПТИ жалпы техникалық факультетінің Гурьевтегі филиалына аға оқытушы болып жұмысқа орналасқан Дүйсенбек Орынғалиұлы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің дербес жоғары оқу орнына айналғанға дейінгі барлық кезеңінде абыройлы еңбек етті. Қатардағы оқытушыдан кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор лауазымына дейінгі кезеңдерден өтіп, 2011 – 2015 жылдары Атырау мұнай және газ институтының ректоры қызметін атқарды.

2004 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторлық диссертациясын сәтті қорғап, физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алды. 2010 жылы ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. 2012 – 2015 жылдары Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына сайланды.

Профессор Дүйсенбек Құлжанов білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, ЖОО студенттерінің академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасын жүзеге асыруға, білім беру жүйесінің мемлекеттік ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатымен байланысын қамтамасыз етуге белсенді араласып келеді. Ұзақ жылғы абыройлы еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен және бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Қажырлы еңбегі, ел игілігі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы адал қызметі тәлім-тәрбие мектебі бола білген Дүйсенбек Орынғалиұлы үшін биыл – мерейлі жыл. Ғибратты өмірінің жетпісінші белесіне абырой мен бедел биігінде жеткен ұлағатты ұстаз, құрметті әріптес, ақылшы аға Дүйсенбек Орынғалиұлы Құлжанов – біздің университетіміздің мақтанышы ! Ғұмыр-керуені сәулелі сәттер мен шуақты күндерге тола берсін деген тілектеміз, – дейді «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова.

6 наурыз күні, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы профессорды жұмыс орнында университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Арыстаналиевпен бірлесіп, мерейтойымен құттықтады.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Наурыз 6, 2023
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты