• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨНЕРІМЕН ӨНЕГЕЛІ ҰС…

ӨНЕРІМЕН ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытуда, оның жан-дүниесін оятып,өнерге талпынысын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының рөлі ерекше. Осы киелі қара домбыраны өзіне серік етіп, жас өрендерді өнерге баулып жүрген жандардың бірі- Темір ауданы, Кеңқияқ балалар музыка мектебінің мұғалімі Сексенбаева Рита Алпамысқызы.

Рита Алпамысқызы 1967 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген. 1974 жылы он жылдық мектеп табалдырығын аттаған. Мектеп қабырғасында оқып жүрген бүлдіршін кезінен бастап домбыраға деген қызығушылығы оянып, анасына өзін музыка мектебінің домбыра класына алып баруын өтінген. Ең алғаш рет өз қаласындағы музыка мектебінен домбыра аспабын қолына ұстап үйренген бойжеткен өзінің бала кезіндегі домбырашы болу арманымен 1984-1988 жылдар аралығында Ақтөбедегі музыкалық училищесіне оқуға түсіп, үздік бітіріп шықты. 1988 жылы жолдамамен Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Кеңкияқ өңіріне кеңкияқ балалар музыка мектебіне жіберілген. Сол уақыттан бері 34 жыл табан аудармастан осы білім ұясында еңбек етіп келеді.

Рита Алпамысқызының ұстанымы-әр оқушының бойынан жақсы қасиеттерін таба отырып, бәсекеге қабілетті, білімге, өнерге деген қызығушылық деңгейі жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады»,-деп ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, Рита Алпамысқызы шығармашыл, өз ісінің үздігі, мамандығын мақтанышы санайтын жандардың қатарында. Өз бойындағы еңбексүйгіштігімен, білім беруге деген құлшынысымен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ол- үлгілі тәлімгер,жастарға бағыт-бағдар беруден еш жалықпаған ұстаз.

Шәкірттерінің ішінде өнер жолын қуғандары да бар. Ең алғаш домбыра класын бітірген шәкірті Тәңібергенова Райхан ұстазының жолын қуып, Астанада музыка мектебінде дәріс беруде. Сақтаған Камария Кеңкияқ музыка мектебінде домбыра класының мұғалімі болып еңбек етуде. Шәкірттеріне үздіксіз тәлім-тәрбие беру арқылы, көптеген оқушыларын халықаралық, респуликалық, облыстық байқауларға қатыстырып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.

Рита Алпамысқызының өз жетістіктерін айтар болсақ :

🎼2020 жылы «Нұржауған-2020» байқауы, Кұрмет грамотасы;

🎼2021 жылы республикалық «Қош келдің, көктем» атты байқауы, «Үздік жетекші» дипломы, «Ұлық ұстаз» сертификаты;

🎼2021 жылы халықаралық «Batbulaq»байқауында Құрмет грамотасы;

🎼2022 жылы қазан айында I Республикалық байқауда «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды. 🎼2021-2022 оқу жылы Озат педагогтердің есімін баспа және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Ozattar-білім саласы үздіктерінің энциоклопедиясы» жинағына еніп, білім саласының үздік қызметкері қатарынан көрінгені үшін Құрмет грамотасымен марапатталып,«Қазақстан ұстазы» төсбелгісіне ие болды.

🎼2019 жылы «Ziatker. Kz» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында Ә.Желдібаевтің «Ерке сылқым», Ж.Еңсеповтың «Әке толғауы» атты ашық сабақтары, авторлық материалын жариялағаны үшін сертификат берілді.

Қастерлі мамандықты адал атқарып жүрген ұстазымыз ұжымда да сыйлы. Өз-өзіне сенімді, сабырлы және белсенді жан 2018 жылдан бастап мектебімізде медиатор қызметін қоса атқарып жүр.

Жарияланған күні: Наурыз 1, 2023
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты