• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – …

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТ ИЕСІ

Ұстаз - қадір-қасиеті мол, шексіз жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің, қажымас қайрат пен шығармашылықтың, үздіксіз іздену мен оқып-үйренудің адамы болғандықтан, оған шәкірт тәрбиелеу міндеті жүктелген.

Бүгін ұлағатты ұстаз - Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №8 жалпы білім беру мектебінің биология пәнінің үздік маманы Уразбаева Шолпан Сатыбалдықызы туралы әңгімелейміз.

Шолпан Сатыбалдықызы салада еңбек еткен 18 жылда көптеген шәкірттерге білім нәрін беріп келеді. Оның әр ісінен жауапкершілік, шығармашылық, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздық байқалады.

Оқушылардың бойында биология пәнінен ғылыми-жаратылыстанушылық құзыреттілікті дамытып, пәндік білімді, биология заңдылықтарын, құбылыстарды күнделікті тұрмыспен байланыстыра отырып санасына сіңіреді.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Шындығында, мұғалім сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейді емес пе? Ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» дегендей, ерен еңбегінің жемісін шәкірттері арқылы көріп отыр.

Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылық пен ізденістің арқасында көптеген оқушылары байқауларда, пәндік олимпиадаларда жыл сайын жүлделі орындарға ие болып келеді.

2008-жылдан бері оқушылары үздіксіз аудандық, облыстық пәндік олимпиадада жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Кезінде ақын Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп тегін айтпаған. Сондықтан да Сатыбалдықызы Шолпанның ауыл мектебінің тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектептің рухын көтерудегі еңбегі зор. Оның ұстаздық жолындағы еселі еңбегі жоғары бағаланып келеді.

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің, «Мұнайлы жастар жолы» қоғамдық қорының «Алғыс хаты» және Мұнайлы ауданының 10 жылдығы қарсаңында ауданның білім саласының дамуына сіңірген еңбегі үшін «төсбелгімен» марапатталды. 2020 ж. Маңғыстау облысы әкімінің «Алғысымен» марапатталды.

Шолпан Сатыбалдықызы өзінің озат тәжірибесімен облыс, республика көлемінде семинарларда үнемі бөлісіп, оның шығармашылық еңбегі педагогтер арасында таратылып келеді. Тәлімгерлік еңбегі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «ҚҰРМЕТ» грамотасымен марапатталды.

Сонымен бірге мектеп кәсіподақ ұйымында 18 жылдан елеулі еңбегімен көрініп жүрсе, 2018 жылдан бастап мектеп тренері ретінде аудан мұғалімдеріне «Тәжірибедегі рефлексия» курсын өткізіп келе жатыр.

Шолпан Сатыбалдықызының ойы таза, қиялы ұшқыр, жаңашылдығы мол, шебер ұйымдастырушы, өзгеге шашар шуағын ұрпақ бейнесінен көруге асығатын ұлағатты ұстаз болғандықтан, бүкіл ұжым құрметтейді.

Адамның ішкі жан дүниесінде адамның асыл ойы, адамгершілігі, айналасындағыларды жақсы көруі, оларға деген адалдығы, сүйіспеншілігі десек, осы қасиеттердің бәрі тәжірибелі ұстаз Шолпан Сатыбалдықызының бойына дарыған.

Р.Текеева,

Салалық кәсіподақтың Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы,

Маңғыстау облысы.

Жарияланған күні: Ақп. 10, 2023
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты