• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІКТІ ҰСТАЗ – МАҚ…

БІЛІКТІ ҰСТАЗ – МАҚТАНЫШ

Ұстаз - не деген қасиетті, не деген нұрлы есім?! өмірде ұстаз болудан артық бақыт бар ма?! Еліміздің даму стратегиясының басты саясаты барша адамзат тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз.
Қазіргі таңда еңбегімен нағыз ұстаз атына лайық сондай-ақ жан-жақтылығымен, тәжірибесінің молдығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп жүрген ұстаздың бірі Тұрсынбаева Үзіл 1989 жылы М.И.Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылық институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын Көн е-Үргеніш қаласындағы №14 орта кәсіптік техникалық училищесінде бастады. 1994 жылы Маңғыстау облысына қоныс аударуына байланысты Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік лицейге орналасқан.
Тұрсынбаева Үзіл – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз, жаңа жетістіктерге жаны құмар ұстаз. Қазіргі таңда Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде электротехника және арнайы технология пәнінен сабақ береді. Оның әрбір сабағы өте тартымды, қызықты өтеді.
Үзіл – теориялық білімі, кәсіптік даярлығы жоғары, өз пәнін терең білетін әдістемелік шеберлігі шыңдалған оқытушы. Күнделікті өткізетін әр сабағына мұқият дайындалып,пәнді оқытудағы ең тиімді әдістерді пайдаланады. Жаңалыққа жаны құмар оқытушы студенттердің ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытуға жаңа технология элементтерін үнемі сабақтарында қолданады.
Қазіргі таңда арнайы пәннен сабақ беріп, сондай-ақ жан-жақтылығымен, тәжірибесінің молдығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп жүрген ұстаз. Сондықтан әр сабағында мамандыққа баулу, кәсіппен байланыстыра өткізу оның алдына қойған бұлжымас ережесі десе де болады. Осы бағыттағы жұмыстары нәтижесінде Үзіл оқушылар шығармашылығына да үлкен мән беріп, олардың ізденуіне бағыт-бағдар береді.
Студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасайды. Узулдің өткізген сыныптан тыс шаралары туралы айтатын болсақ, «Кәсіби шеберлік», «Мамандығым-мақтанышым» байқауларының ұйымдастырушысы және байқауға студенттерді дайындауда үлкен еңбегін сіңіріп жүрген ұстаз.
Тұрсынбаева Үзілдің еңбек жолындағы жетістіктері: «Мамандығым-мақтанышым» атты байқауда ІІ орын, «Алғашқы бұйым» байқауында І орын, «Кәсіп үздігі» байқауында І орын және Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттар. «Жаңаөзен» газетінде «Білікті ұстаз - мақтаныш» тақырыбында мақаласы жарияланды. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Алғысы» 2016ж. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының «Педагогика саласының ардагері-2018» байқауында дипломмен және Казақстан педагогтар қауымдастығы: «Педагогика саласының ардагері-2018» куәлік № 0057; 2021ж Ақтау қаласында Чемпионата «WorldSkills» жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтары «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша Тұрсынбаева Үзіл сертификатпен, 2021ж. Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамы қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл үздіктері-2021» республикалық байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін Дипломмен, 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Сапалы білім, саналы тәрбие және дұрыс кәсіби бағдар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін Дипломмен, Маңғыстау обылысы әкімінен «Алғыс хат», Маңғыстау обылысының білім басқармасынан «Құрмет грамотасы», Қазақстан Республикасы «BILIM-ORKENIETI» «Жаңа Қазақстан: Білім беру саласының үздігі» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған 1- дәрежелі Диплом және «Оқу-ағарту саласының үздік педагогі» төсбелгісімен марапатталған.
Тұрсынбаева Үзіл 30 жыл қаламыздың білім саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан мәртебелі ұстаз.
Қорыта айтқанда, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады.
Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дегендей, - қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық, оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздың қажымас еңбектеріне сәттілік тілеймін!


 
К.Түрікменбаева,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технология колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, химия пәнінің мұғалімі.
Жарияланған күні: Қаң. 20, 2023
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты