Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі өткізген шаралар туралы мәлімет
Жыл сайын 28 сәуірде аталып өтетін Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғау мәдениетін көтеру шараларының бірі болып табылады. Халықаралық еңбек ұйымы 1919 жылы өзінің құрылған уақытынан бері еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауда өзінің зор үлесін қосып келеді. Халықаралық еңбек ұйымының бастамасы бойынша 2003 жылы 28 сәуір «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні» ретінде жарияланып, жыл сайын аталып өтуде.Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бері Халықаралық еңбек ұйымына мүше. Бүгінгі таңда, экономиканы реформалау және экономиканың өрлеуі жағдайларында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қызметкерлердің жарақаттану проблемалары аса өткір мәселеге айналып отыр. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын-алудың пәрменділігі мекеменің әрбір жұмыс орнынан басталады, бірақта, сонымен қатар, барлық мемлекеттік басқару органдарының, мекеме басшылары мен қызметкерлердің көлемді қатысуын талап етеді. Бүгінгі таңда «еңбекті қорғау мәдениетін» мейлінше дамыту Халықаралық еңбек ұйымының ғаламдық стратегиясына айналып отыр. Еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру барысында қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту ісі барлық жерде жанданып келеді. Сол себепті білім беру мекемелерінің барлық деңгейінде өзара келісілген позицияға негізделген тиісті құқықтарды, міндеттер мен жауапкершіліктерді жүзеге асыру жолымен еңбекті қорғау мәдениетін белсенді қорғау жөнінде жұмысты бірлесіп жүргізу жұмыстары атқарылуда. Осы орайда, облыстық білім беру мекемелеріндегі бастауыш және аудандық кәсіподақ ұйымдарында еңбекті қорғау мәдениетін көтеру мақсатында бірқатар шаралар өткізілді:
- Барлық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің қатысуымен сенбіліктер өткізіліп, көшеттер отырғызылды.
- Қобда ауданында «Қауіпсіз еңбекті қорғау мәдениетін бірге арттырамыз» тақырыбында кәсіподақ төрағаларымен жиналыстар өткізілді.
- Қарғалы ауданындағы «Бөбек» мектепке дейінгі ұйым МКҚК қызметкерлері арасында «Қауіпсіз өмір» атты жарыс өткізілді. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері 4 топқа бөлініп өзара жарысты. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең – топты, ұраны мен төсбелгісін таныстыру, 2 кезеңде – викториналық сұрақтарға жауап беру, 3 кезеңде – берілген қауіп түріне түсінік беріп, сипаттап, мысал келтіру, 4 кезеңде – ситауциялық тапсырмаларға әр топ тиісінше мысал арқылы жауап беруі. Барлығы 31 адам қатысты. Әр дұрыс жауап үшін смайликтер таратылды. Жарыс соңында қазылар алқасы смайликтердің есебі бойынша орындар беріп, марапаттамалар тапсырды.
- Қарғалы ауданы Қызыл-Флот негізгі мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы В.Жуасованың ұйымдастыруымен «Ең үздік еңбекті қорғау қызметі» атты сайыс өткізілді. Қызметкерлер үш топқа бөлініп, ситуациялық сұрақтар, мақал-мәтелдер, викториналар бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталды.
- Облыстық кәсіподақ комитетінде 2015 жылдың 20 сәуірінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларына арнап семинар өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетіліп, көмекші құрал ретінде брошюралар таратылды.
- Шалқар ауданы №1 мектеп-гимназиясында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау жөнінде жиын өткізілді. Еңбек инспекторы Сүйіндіков Нұржан жиынның мақсаты-жұмысшылар мен жұмыс берушілердің техникалық қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақыру, абайсызда болатын қайғылы жағдайдың алдын алу екендігін жеткізді. Қарапайым қағиданы сақтамаудың өзі кейде қайғылы оқиғаға апарып соғатынын ескерткен ол кейбір деректерді алға тартты. Жиында кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Тағаева "Еңбекті қорғау-ермек емес" атты баяндама жасады. Еңбекті қорғау мәдениетін көтеру барысында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру туралы алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетінін айтты. "Дені саудың-жаны сау" айдарымен мектеп медбикесі Ж. Бисенбаева жұмысшыларға кеңестер берді. Жұмыс берушілер жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасағанда, адам өмірі мен денсаулығын сақтап қана қоймай өнімді еңбекке де қол жеткізілетіні, сонда ғана көздеген мақсаттарына, Елбасының көрсетіп берген межесіне жететініне жөнінде айтылды.
- Шалқар ауданы Шоқысу негізгі мектебінде ұжым арасында еңбек шарты және мекеменің ішкі тәртіп ережесі талқыланды. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің арасында "Дүниежүзілік Еңбек қорғау күні" тақырыбында баяндама жасалды.
- Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінде апталық жоспар құрылып, көрме ұйымдастырылды. Оған ұжым мүшелері бір кісідей ат салысты. Осы ұйымдастырылған көрме нәтижесі «Еңбек түбі – береке» қағидасына негізделді.
- 2015 жылдың 7 сәуірінде Ақтөбе мұнай және газ колледжі ұжымында Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған семинар-мәжіліс өткізілді.
- Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде «Ұйымдардағы еңбекті қорғаудың өзекті сұрақтары» атты семинар және «Өрт тілсіз жау» атты лекциялар өткізілді.
- Мұғалжар ауданында «Жұмыс орында еңбекті қорғау», «Қызметкерлердің өмірлерін қорғау және қауіпсіздік ережелері сақталды» атты дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда жұмыс берушінің ұжымдық шарттарда көрсетілген еңбек қорғауға қатысты міндеттемелерінің орындалуы, келеңсіз, сәтсіз жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы, жұмыс орында қалыпты еңбек еңбек етуге жағдай туғызуға, материалдық базаны нығайту жұмыстары әңгіме болды.
- Мұғалжар ауданы бойынша «Бүкіл әлемдік еңбекті қорғау» күніне арналған іс-шараларды өткізуде жоғары белсенділік көрсеткен төмендегі білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын атап өтуге болады: Қандыағаш қаласындағы №3 орта мектебі, Ембі қаласындағы №1 орта мектебі, А.Жұбанов атындағы орта мектеп, Сағашилі орта мектебі, Елек, Қожасай, Н.Крупская атындағы негізгі мектептер, «Мөлдір», «Айгөлек-7», «Таңшолпан», «Жансая», «Қарлығаш», «Күншуақ» балабақшалары.
Апталықтарда жұмыстар жоспарланып әр күнде әр түрлі іс-шаралар өткізілді. «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелері», «Жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері», «Балалардың еңбек құқығын қорғау», «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» атты баяндамалар оқылды.
Білім беру мекемелерінде жоғарыда көрсетілген суреттерге сай еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстелдер, жиналыстар өткізіліп, нұсқаулықтар беру жұмысы қайта жандандырылып, стендттер жаңартылды.
ҚР Еңбек Кодексінің 313 бабының 3 тармақшасы мен ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1225 Қаулысы негізінде педагог қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеру, оқыту, нұсқаулық беру және білімдерін тексеру ұйымдастырылып жүргізіліп отырады. Оқыту, нұсқаулық беру және білімдерін тексеру жүргізуге арналған арнайы оқу жоспары мен оқу бағдарламасы бекітілген. Қызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігі мен жұмыс орнындағы қауіпсіздігі бойынша практикалық жұмыс өткізу, арнайы іс-шаралар ұйымдастыру, жылына бір рет Азаматтық қорғанысқа байланысты жаттығу өткізу, мектеп жұмысшылары мен мұғалімдеріне қорғануға байланысты кеңес жүргізу жұмыстары үнемі жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырылады.