Павлодар облысының білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіподағының спартакиадасы
2015 жылғы 2-3 мамырда Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған білім және ғылым қызметкерлері арасындағы XV облыстық жазғы спартакиадаөтті.
2 күн ішінде білім және ғылым саласы қызметкерлерінің 400 қатысушылары ішінде 10 аудандық және 7 қалалық командалары спорттың 5 түрі бойынша сайысқа түсті: волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат, оқ ату және үстел теннисі.
Қатысушылар сайыстың басты мақсаты ретінде «саламатты өмір салты» деген ұранды алға тартты. Қазақстандық спорттың дамуына барынша өз үлестерін де қосты.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, Павлодар темір жол колледжіні, №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесінің орталығының және №29, 36 жалпы орта білім беру мектептерінің спорт алаңдары үлкен саламатты бәсекеге толы болды.
Сайыс келесі топтарға бөлінді: аудандық және қалалық командалар, колледждер мен ЖОО командалары.
Спорт ойындары қатарында тоғыз-құмалақ ұлттық ойынымыз жылдан-жылға дамып келеді. Бұл санаттағы әйелдер командалары арасында Кожимова Жадыра (Павлодар ауданы) және Касимова Бегзат (Ақсу қаласы), ерлер арасында Абдрахман Берик (Павлодар ауданы) және Булкенов Куаныш (Екібастұз қаласы) үздік нәтижелер көрсетті.
Шахмат ойыншысының басты қасиеттері – сабырлық пен шыдамдылық, қырағылық. Міне, бұл қасиеттер әйелдер арасында Борилюк Людмила (Ақтоғай ауданы) және Балаканова Гульнар (Екібастұз қаласы), ерлер арасында Бланкин Талгат (Павлодар ауданы) пен Какишев Нажмиденге (Ақсу қаласы) тиесілі.
Жеке біріншілікте жылдамдық, қарқын, реакция және техника сынды қасиеттерге әйелдер арасында Щербань Людмила (Успен ауданы) мен Бондарь Елена (Екібастұз қаласы), ерлер арасында – Танирбергенов Максат (Павлодар ауданы), сонымен қатар Зафиков Зафар (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты) ие болды.
Басқа спорт түрлерінен өзінше ерекшелігі бар, біріншілік сайысында оппонентпен емес, спортшының өзімен сынға түсетін спорт түрі – оқ ату. Бұл сайыстағы үздіктер: Ақтоғай ауданы – Бардакова Наталья және Макеев Виктор, Павлодар қаласынан Серегина Екатерина мен Бондарь Виктор.
Ең ауыр тартыс волейболшылар командаларына түсті. Әйелдер арасындағы біріншілікте Успен ауданы мен Павлодар қаласыболса, ерлер арасында Лебяжі мен Ақсу командалары қанжығаларын майлады.
Жалпыкомандалық есепте кубок жеңімпаздары Павлодар ауданы мен Ақсу қаласының командалары болып танылды. 2 орында – Качир ауданы мен Павлодар қаласы, ал 3 орын Ертіс ауданы мен Екібастұз қаласына бұйырды.
Бұл спартакиада барысында қатысушылардың бойлары спорттық рухқа және зор сенімге толы болғанына куә болдық.
-
Фото
-