ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ
Екңбек кодексінің қабылдануына байланысты 2015 жылғы 9 қарашада Красноармейка селосында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-і жанындағы Жастар кеңесі қалалық және аудандық жастар кеңестерінің рөлдерін жандандыру туралы мәселелер талқыланды. Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардағы жас ұстаздардың құқықтарын қорғау жөнінде әлеуметтік әріптестер-жұмыс берушілермен жас ұстаздардың қатысуымен диалогқа түсудің маңыздылығы аталып өтті. Аталмыш нормативтік актілерге жастарды қолдау туралы нақты ұсыныстарды енгізілсе, олардың кәсіби және творчестволық әлеуетінің артуына жағдай жасалса, еңбек пен әлеуметтік мәселелері уақытылы қорғалатын болса кәсіподақ саласында жастар қозғалысының дамуымен қатар білім беру жүйесі мен кәсіподақ қозғалысына да қосар үлестері артар еді. Себебі, кез келген саланың болашағы – жастардың қолында.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің қабылдануына орай аталмыш мәселені 2015 жылғы 11 қарашада Павлодар қалалық кәсіподақ жұмысының оқу-әдістемелік кабинетінде өткен Қоғамдық бірлестік филиалдарының төрайымдары мен төрағаларының дөңгелек үстел барысында жан-жақты талқыға салды. Кәсіподақ көшбасшылары өз орайында жаңа Еңбек кодексін педагогикалық ұжымдар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу, кәсіподақ комитеттерінің қызметіндегі стильдің бетбұрылуы, жаңа түрлері мен әдістерін енгізу, сонымен қатар ақпараттық жұмыстарды күшейту туралы пікірлерімен бөлісті. Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелеріндегі салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті дамыту басымдығын назарға алға жөн болар еді. Бастысы дәстүрге айналған білім және ғылым саласындағы қызметкерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жоғалтпау керек.