Жас педагогтардың әзілі
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ жанындағы Жастар кеңесінің бастамасымен жас педагогтар арасында тұңғыш Жайдарман-2015 конкурсы өткізілді.
2015 жылғы 6 қарашада Тереңкөл селосында кезекті аудандық іріктеу туры өтті, онда келесі командалар өз юморлық өнерлерін көрсетті: «Здесь и сейчас» (Шарбақты ауданы), «Ертіс Production» (Ертіс ауданы), «Преподы» (Успенка ауданы) және «Бекжан и К» (Качир ауданы). Бұл іріктеуден Качир мен Ертіс аудандары командаларының қанжығалары майланды.
2015 жылғы 9 қарашада Красноармейка селосында өткен соңғы іріктеу турда келесі командалар финалға жолдамалар алды: «Звезды континентов» (Ақтоғай ауданы), «Көктөбе.kz» (Май ауданы), «Жас жалын» (Баянауыл ауданы), «Лебяжі құрамасы» (Лебяжі ауданы) және «ЖасStar» (Павлодар ауданы). Бұл іріктеуден Лебяжі және Баянауыл командаларын жұлдыздары жанып, финалдық жолдамалары ие болды.
Әр конкурс бойынша әділқазылар алқасы өз сын пікірлерін білдіріп, ескертулерін жасады, себебі алда финал. Финалда бұл тәрізді кемшіліктер кешірілмейді.
2016 жылғы қаңтар айында өтетін финалдық турға қатысатын командаларға сәттілік тілейміз!
-
Фото
-