
Мәлімет
Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылы Көктөбе орта мектебінің жиналыс залында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайым орынбасары Виктор Федорович Беженаровпен кездесу болып өтті. Кездесуде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағың Алматы облыстық ұйымының төрағасы А.Ж.Омашев, заң кеңесші И.П.Леонов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Надырбаев С.Д. және Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің басшысының орынбасары С.Д.Беспаева қатысты.
Бұл кездесуге Еңбекшіқазақ ауданының мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері , оқу өндірістік комбинатының директорлары және барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары шақырылды.
Виктор Федорович Беженаров Еңбек кодексінің өзгерулері мен толықтырылу жайлы және Білім беру мекемелеріндегі педагог қызметкерлердін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек ақыларын көтеру мәселелі туралы толығымен айтып өтті. Еңбек кодексі, жалақы туралы көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды.
- “Көп мектептерде мұғалімдер жұмысты қоса атқарады. Осы мұғалімдерге жалақы, кезекті демалыс, сауықтыру өтемақсы қалай төленеді екен”
- Балабақшада еңбекке жарамсыздық өтемақысы қаралмаған оны қалай төлеуге болады
- Мекреке күндері жүргізілмеген сағаттарды қалай басқа күндерге қоямыз
- Зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шарт тоқтатылады ма?
- Қызметкерлердің жалақысы көтеріле ме және қанша пайызға көтеріледі?
Кездесуге келгендер сұрақтарына қанағаттарлық жауап алды.
Келесі кезекте А.Ж.Омашев төсбелгі мен мақтау қағазына ұсынылған кәсіподақ төрағаларын марапаттады.
-
Фото
-