Жұмысшының әлеуметтік құқығын қорғаймыз (Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Ә.Шалқар мырза мен сұхбат)
Бүгінгі таңда жұмысшылардың экономикалық және әлеуметтік құқын қорғау өзекті мәселелердің бірі. Ал жұмысшылардың құқын қорғайтын кәсіподақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай? Олар өздеріне тиісті мәселені шеше алып отыр ма? Біз осы жағын білу үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті төрағасы Әшірбек Қиянтайұлы мырзаны әңгімеге тартқан едік.
–Сіз басқарып отырған комитетте қанша мүше бар?
– Біздің Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 1025 бастауыш ұйым мен 120 мыңнан астам мүшесі бар. Аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек туралы, Білім және Ғылым туралы, Кәсіподақ туралы Заңдарды басшылыққа ала отырып қызмет жасайды. Сонымен бірге, осы салаға қатысты министрлік пен кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының, қала, аудан әкімдері мен арадағы екі жақты келісіміндерін негізге аламыз.
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы құрамында 2015 жылғы 1 қаңтарға 1218 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Оларда 120 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі есепте тұрады.
Облыстық кәсіподақ ұйымы, кәсіподақтың негізгі міндеті – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметіне жаңа серпін беру жөнінде шаралар қолдануда. Облыстық кәсіподақ комитеті әлеуметтік әріптестікті дамыту, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен қарым - қатынасты арттыру нәтижесінде, білім саласында еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда бірқатар нәтижелерге жетті. ҚР «Білім туралы» Заңының 48 бабы 4 тармағына сәйкес, педагог қызметкерлердің ақысыз дәрігерлік тексеруден өтуі іске асырылуда. Алайда, 2014 жылы Қазығұрт, Шардара аудандарында педагогтар дәрігерлік тексеруден ақылы өтуге мәжбүр болған. Бұл жөнінде жұмыстар жүргізілуде, нәтижесі күтілуде. ҚР «Білім туралы» Заңының 53 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, коммуналдық қызмет шығындары үшін өтемақы беріледі. Аудандардың мүмкіндіктеріне қарай олардың деңгейі әр түрлі. Мысалы, мұғалімдер Кентау қаласында 9700 теңге, Созақ ауданында – 7000 теңге, Сарыағашта – 4700, Бәйдібекте -4500 теңге, Арыста - 4400 теңге, Ордабасыда - 3000 теңге, басқа аудандарда 1500-2000 теңге аралығында.
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде аудандық, қалалық кәсіподақ кеңестері де белсенді жұмыс жүргізуде. Сарыағаш, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің белсенді қызметі арқасында соңғы екі жылда, коммуналдық қызмет шығындары үшін төленетін өтемақы Сарыағаш ауданында 1000 теңгеден 4700 теңгеге, Ордабасы ауданында 1000 теңгеден 3000 теңгеге көтерілген.
–Сіздер мектептер жұмыс істейтін техникалық қызметкерлер мен қарауылдардың мәселелеріне қалай қарайсыздар?
– Біз оларды да ұмытпаймыз. Мәселен, Ордабасы аудандық кәсіподақ кеңесі, білім беру саласы мекемелерінде жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерге 10 %, қарауылдарға мереке күндері кезекте тұрғаны үшін 10 % қосымша ақы төлеуді шешкен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» және «Кәсіптік одақтар туралы» заңнамаларына сәйкес, Оңтүстік Қазақстн облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ кеңесі арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы 2014-2016 жылдарға арналған екі жақты келісім, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен аудандық, қалалық кәсіподақ кеңестері арасындағы екі жақты 16 келісімдер, барлық білім беру ұйымдары әкімшіліктері мен кәсіподақ комитеттері арасында 1175 ұжымдық шарттар түзілген. Олардың орындалу барысы облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері мәжілістерінде, жалпы жиналыстарда қаралып отырады. Облыстық екі жақты келісімнің орындалу барысы 2015 жылғы 13 мамыр күні өткен облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген пленумы мәжілісінде қаралды. 2015 жылы 7 аудандық кәсіподақ комитеттері пленумдарда, кәсіподақ активі жиналыстарында екі жақты келісімдердің орындалуын тыңдаған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған салалық келісім 13 мамыр 2015 жылғы облыстық кәсіподақ комитеті пленумында қаралып, салалық келісімдегі еңбек етушілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға байланысты жаңадан қосылған пункттерді басшылыққа алып, дайындық жұмыстарын жүргізу, 2016-2018 жылдарға арналған екі жақты келісімдер мен ұжымдық шарттар жобасын дайындау жөніндегі міндеттер белгіленді. Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары қазір осы мәселе бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Мен үш жақты келісім комиссиясының мүшесі ретінде облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының ұсыныстарын білдіріп отырады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестіктері мен еңбеккерлер бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты келісімге облыстық кәсіподақ комитеті үш ұсыныс берді, оның екеуі келісім жобасына енгізіліп, бекітілді.
–Сіздер еңбек қауіпсіздігі мәселесіне көңіл бөлесіздер ме?
– Әрине, облыстық кәсіподақ комитеті еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесіне үнемі көңіл бөліп отырады. Облыстық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2103 жылы «Мақтаарал және Шардара аудандық кәсіподақ кеңестерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстары туралы», 2014 жылы «Облыс білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық байқауды өткізу туралы» мәселелер қаралды.
Облыстық кәсіподақ ұйымы бойынша білім беру ұйымдарында 1210 еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар сайланған. Оларға ҚР Еңбек кодексіне сәйкес куәліктер дайындалып берілген. 2013 жылы 17 еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор ҚРКФ оқу орталығында 3 күндік оқуда болды. Олар келгеннен кейін аудандарда еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен семинарлар өткізіліп, Астана қаласына оқуға барған қоғамдық инспекторлар алған білімі туралы хабарламалар жасады. Осындай семинарлар Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында өткізілді. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар 2014 жылы 862 тексерулер өткізіп, 493 бұзушылықтарды анықтаған. Олар бұзушылықтарды жою туралы 380 ұсыныс беріп, кемшіліктер реттелген. Олардың арасында белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқан активтер баршылық. Дегенмен, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың жұмысы толық жолға қойылған деп айта алмаймыз. Олардың жұмысында енжарлық, самарқаулық та кездеседі.
Облыстық кәсіподақ комитеті облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2015 жылғы бірінші тоқсанда облыс білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау жөніндегі байқау өткізу туралы қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес, жергілікті жерлерде семинарлар өткізіліп, байқаудың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді, байқауға байланысты құжаттар таратылып берілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымы еңбек заңнамасына және жұмыс жоспарына сай, жеке еңбек дауларын шешу мәселесін қарап отырады. 2015 жылы ақпан айында облыстық кәсіподақ комитеті мамандары Сарығаш ауданында «Еңбек дауларын алдын-алу және болдырмау жөніндегі кәсіподақ комитеттерінің жұмысы туралы» мәселе бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарға мектеп директорлары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар қатысты. Аудандағы білім беру мекемелерінде келісім комиссиялары құрылған. Бәйдібек, Отырар, Сарыағаш, Мақтаарал аудандық, Түркістан, Арыс қалалық кәсіподақ комитеттерінде еңбек дауларын келісім комиссиясы арқылы шешу практикаға енгізілуде. Облыстық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің 13 мамыр 2015 жылғы кеңейтілген мәжілісінде «Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің еңбек дауларын алдын-алу және болдырмау жөніндегі жұмыстары туралы» мәселе қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Облыстық кәсіподақ комитетінде кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуға көңіл бөлінуде. Кәсіподақ ұйымдары жетекшілері және активтің кәсіби даярлығын көтеру, біліктілігін арттыру мақсатында облыстық кәсіподақ комитеті, Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы аудандық және Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттерінде бес оқу әдістемелік кабинеті құрылып, жұмыс атқаруда. Оқу әдістемелік кабинеттері қажетті ұйымдастыру техникасымен, техникалық құрал-жабдықтармен және кәсіподақ активі үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген. Қажетті материал кәсіподақ активіне қағаз немесе электронды түрде жазып беріледі. Әдістемелік кеңес құрылып, оқытуға, лекторлар мен оқу программаларын дайындауға басшылық жасайды. Соңғы бір жарым жылда облыстық кәсіподақ комитетінің оқу- әдістемелік кабинеті 8 оқыту семинарларын өткізді.Осындай жұмыстар басқа да аудандарда жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағының жұмыс жоспарына сәйкес, 2013 жылы мамыр айында «Оқытуды ұйымдастыру және кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғауды іске асыру жөніндегі оқу-әдістемелік кабинеттерінің ролі мен міндеттері» туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ кеңесінің оқу-әдістемелік кабинеттерінің жұмысы жайлы» республикалық семинар өтті. Семинарға М.Т.Амантаева басқарған барлық облыстық, аймақтық кәсіподақ ұйымдары басшылары қатысты. Сол жылы қараша айында оқу әдістемелік кабинеттері жұмысы тәжірибесін үйрену үшін Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымы активі келді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің оқу-әдістемелік кабинетінде құқықтық және заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылған. «Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз» деген стенд жасалып, түскен сұрақтарға нақты жауаптар беріледі. Кәсіподақ мүшелеріне, кәсіподақ ұйымдарына еңбек заңнамасына сай, құқықтық көмек көрсетіледі.
Дегенмен, мұғалімдердің еңбек құқықтарына қысым жасау деректері орын алады. 2014 және 2015 жылдың алты айында облыстық кәсіподақ кеңесі аппаратының қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетіне түскен хаттарға сәйкес, 27 арызды жергілікті жерге барып тексеріп, мәселелердің оң шешілуіне қол жеткізді. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын бұзу негізінен, жұмыстан заңсыз босату, бала тууына байланысты демалыстан кейін мұғалималардың жұмысқа тұруындағы қиындықтар, сағат жүктемесін бөлудегі әділетсіздік және тағы да басқа бұзушылықтар сияқты деректер. Мысалы, Сарыағаш ауданы А.Оразбаева атындағы орта мектеп директоры Р.Тастановтың директордың орынбасары Р. Тұрсынбаеваны жұмыстан заңсыз босатуы туралы арыз облыстық кәсіподақ кеңесі және Келес аймақтық кәсіподақ кеңесі қызметкерлерінің қатысуымен тексеріліп, Р.Тұрсынбаева қызметіне қайта орналастырылды. Қазығұрт ауданындағы «Дарын» мектебі директорының орынбасары Б.Амантаева, Сайрам ауданы Ғ.Ғулам атындағы орта мектеп мұғәлімі П.Зайнидинов, Сарыағаш ауданы Гагарин атындағы орта мектеп мұғалімі С.Мағзумова, барлығы соңғы екі жарым жылда 7 адам жұмысқа қайта тұрғызылды. Түркістан қалалық кәсіподақ кеңесі 4 мұғалиманың декреттік демалыстан кейін жұмысқа қайта тұруына көмек беру жайлы өтініштерін қанағаттандырған. Сайрам, Отырар, Мақтаарал, Сарыағаш және басқа да бірқатар ауданда сағат жүктемесін дұрыс бөлмеу туралы 17 адамның өтініші уақтылы шешіп берілді. .
ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ХIII съезі шешімдеріне сәйкес, облыстық кәсіподақ ұйымы 6 сәуір 2015 жылы облыстық әділет департаментінде қайта тіркеуден, филиалдар есептік тіркеуден өтіп, облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымы бекітілді.
Облыстық кәсіподақ комитеті, аудандық кәсіподақ комитеттері кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Тек қана биылғы жылдың 6 айында 40 жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.
Білім саласы бойынша кәсіподақ мүшелігіне тартылмаған мемлекеттік білім беру ұйымдары жоқ. Облыстық кәсіподақ ұйымына мүше емес жеке меншік түріндегі оқу орындары бар. Олармен жұмыс жүргізілуде.
Облыстық кәсіподақ комитеті кәсіподақ бірлігін нығайту жөнінде жұмыс жүргізуде. Жеке жүрген Шымкент қалалық кәсіподақ комитеті (төрағасы Ғ.Сүлеймен) құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарын облыстық кәсіподақ ұйымы құрамына тарту жөнінде жұмыстар атқарылуда. .Қазір оның құрамында 58 бастауыш кәсіподақ ұйымы қалды. Бұл жұмыс алдағы кезде одан әрі жүргізілетін болады.
– Кәсіподақ ұйымдары қызметін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып тұрады. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде өзім 2014 жыл және 2015 жылдың 6 айында «Шымкент» телеарнасында 3 рет, «Отырар» телеарнасында 2 рет тікелей эфирде сұқбат өткізді, көрермендер сұрақтарына жауап берді. Осы мерзімде облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі, өткізілген іс-шаралар жайлы республикалық, жергілікті баспасөзде, телеарналарда 54 мақала, жарияланым және ақпарат жарық көрді. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы туралы жергілікті баспасөзде 205 мақала, ақпарат жарияланды.
Облыстық кәсіподақ комитеті және оның филиалдары өздерінің қызметі, атқарылған іс-шаралар туралы барлық ақпаратты Қазақстандық салалық кәсіподақтың электрондық сайтына жіберіп отырады.