Еңбек қатынастарының жаңа кезеңі
2015 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі жанындағы облыстық кәсіподақ көшбасшысы педагогикалық мектебі «Жаңа жағдайдағы кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын ілгері жетілдіру» тақырыбында семинарын өткізді. Семинарға 300-ден астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.
Облыстық кәсіподақтың төрайымы Г.Наурызбаева өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауы мен ҚР жаңа Еңбек кодексі аясындағы білім және ғылым ұйымдарына қойылатын міндеттеріне тоқталды. Әлеуметтік әріптестікті, ұжымдық келісімшарттар шеңберінде қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды дамытудың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Аталмыш семинарды өткізуге мемлекеттік мекемелердің құзыретті мамандары тартылды. Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін қолданудың ерекшеліктерімен облыстың Еңбек басқармасы еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылаубөлімінің басшысы Д.А.Әкежанов таныстырып өтті.
Әрине, семинарға қатысушыларды аса қызықтырған тақырып – білім беру ұйымдарындағы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін ендіру, бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Г. Кәлімжанова талқылады.
Барлық мәселелердің талқылауынан соң Мемлекет басшысының Жолдауын, ҚР жаңа Еңбек кодексін және қызметкерлердің еңбекақыларын төлеудегі жаңа жүйесін жүзеге асыру бойынша кәсіподақ ұжымдарының нақты әрекеттері құрылды. Оның ішінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс:
- ұжымдарда жаңа заңнамалық-нормативтік актілері бойынша оқу ұйымдастыру;
- салалық және ұжымдық шарттарға өзгерістер мен қосымшылар енгізу;
- дәлелді пікір жасап, жұмысберушілермен актілер жасаған кезде қызметкерлердің мүдделерін қорғау;
- өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыру.
Осы семинардың қарсаңында, 11 желтоқсанда ҚР Кәсіподақтар федерациясы Оқу орталығының жаңа еңбек заңнамасы бойынша семинарында облыстық кәсіподақ көшбасшысы педагогикалық мектебінің тренерлері болып табылатын Қоғамдық бірлестіктің филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары оқытылды. Олар Мемлекет басшысының Жолдауы мен жаңа заңнамалық-нормативтік актілерді талқылау бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізу керек.
Заңнамадағы өзгерістер ұжымдық келісімшарт жүйесі арқылы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөнінде жұмыс берушілермен келіссөз жүргізуде кәсіподақтың рөлін арттырады. Сондықтан бола білім беру ұйымдарында құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды құжатқа осы бастан өзгерістер енгізу жұмыстары басталды.
-
Фото
-