
Жаңа жағдайдағы кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру
2015 жылдың 23 желтоқсанда Павлодар облысы Качир ауданы білім беру мекемелерінің аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен жас мұғалімдер Кеңесімен бірігіп Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша «Жаңа жағдайдағы кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру» тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына Качир ауданы білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қ.Билялова қатысты. Отырысқа 42-ден астам мұғалім қатысып, Качир ауданы жас мұғалімдер Кеңесінің төрағасы С.Рыспеков бейнефильмнің көрсетілуімен «Жастар кәсіподақ үшін!» тақырыбы бойынша сөз дайындады. Качир білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ф. Арынова Қазақстан Республикасысының жаңа Еңбек Кодексі бойынша талқылау жасады. Еңбек қарым- қатынастары туралы бағыт толық қарастырылды. Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек Кодексінің талқылауы белсенді өтті, дөңгелек үстелдің қатысушылары пікір алмасып, барлық қойылған сұрақтарға толып жауаптарын алды.
Мектеп мұғалімдері екі жобаны жасады, барлық жобалар ілгері жетілдіру үшін бірауыздан қабылданды. Отырыстың соңында Воскресенка ЖОББМ мұғалімі - Д.Жұмалинов, А.Текенов атындағы №2 Качир ЖОББМ мұғалімі - Ә.Серік, «Самал» спорттық-сауықтыру орталығы директорының міндетін атқарушысы - Б.Әмірқашев, Қ.Оспанова атындағы №3 Качир ЖОББМ мұғалімі - С.Рыспеков өз пікірлерімен бөлісіп, сөз сөйледі. Заңдылықтағы өзгерістер ұжымдық-келісімдік жүйе арқылы еңбек және әлеуметтік мүдделерін қорғау жөнінде жұмыс берушілерімен келіссөздер жүргізуде кәсіподақтың рөлін арттыра түседі. Ауданымыздың білім беру мекемелерінде осы құжатқа өзгеріс енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды.
-
Фото
-