Кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестігі және негізгі рөлі
2015 жылдың 18 желтоқсанында Павлодар облысы Тереңкөл ауылының Қ. Оспанова атындағы №3 ЖББОМ ҚР жаңа Еңбек кодексіне түсінік беру үшін «Кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестігі және негізгі рөлі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Песчан №2 ЖББОМ кәсіподақ ұйымының төрағасы, облыстық семинардың қатысушысы В.Б. Сидоров Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін түсіндіру бойынша баяндама жасады.
Білім беру қызметкерлерінің Качир аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ф. Арынова, ҚР жаңа Еңбек кодексі бойынша әлеуметтік әріптестік пен еңбек саласындағы ұжымдық қарым-қатынас жөнінде түсінік берді. Ұжымдық келісім-шартқа енгізілуі тиіс ережелер түбегейлі қарастырылды.
Семинар бағдарламасында «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР Әкімшілік кодексі», «ҚР Қылмыстық кодексіне» енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы сұрақтар қарастырылды.
Семинардың практикалық бөлімі кейс әдісі арқылы немесе практикалық жағдайлардың анализі әдісімен ұсынылды. Осы әдістің шеңберіндегі жұмыстың негізгі міндеті – күнделікті кәсіби әрекеттермен байланысты алған білімді нақты жағдайларда қолдану.
Барлық қатысушыларға электронды түрде мәліметтер ұсынылды және сертификаттар табыс етілді.
-
Фото
-