“Жүрекпен сенеміз” атты акция Павлодар қ.
Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне қарсаңында Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының жанындағы Жастар кеңесі Қарттар және мүгедектер үйінде “Жүрекпен сенеміз” атты акция өткізді. Қалалық орта мектептердің жас педагогтары, С. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кәсіподақтағы студенттер белсенділері қарттар үйінің аға буынымен кездесті. Соз алмасу барысында өздерінін жоспарларымен бөлісіп, студенттік өмірлері және еңбек жолын қалай бастағандары туралы айтты. Оларға көп ақ тілектер және ақыл-кеңестер айтылды.
Кездесу концерттік бағдарламалармен жалғасты. Қазақтын сүйікті халық аспабы домбыра шерттеліп, жастар қазіргі заманның әсем әндерін орыс және қазақ тіліндерінде орындады. Әрі қарай шығармашылық алмасу өткен жылдардың әсем әндерін қосылып орындаумен жалғасты. Бұл шара акцияның қатысушыларын жүрекпен жақын тартты. Қарттар үйінде өздерінің жұлдыздары бар. Ерекше дауысы үшін Николай атаны онда Шаляпин деп атайды. Ол сүйсініп, өзі жақсы көретін әндерін орындап берді.
Акцияның сонында қатысушыларға ақ тілектер, махаббат, достық, бейбітшілік және татулық туралы цитаталар мен афоризмдер жазылған «сенім жүректері» таратылды. Қарттар үйінің аталары мен әжелері жастарға ризашылықтарынын білдіріп, баталарын берді.
А.Т. Сабитова, М. С. Смайлова –Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының жанындағы Жастар кеңесінің мүшелері
-
Фото
-