ҮЗДІК ЖАС МАМАН
2016 жылдың 29 сәуірінде Павлодар облысы Качир ауданының Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОМ базасында «Үздік жас маман - 2016» форум-байқауының финалдық кезеңі өтті. Качир ауданы білім беру бөлімі және білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымы бастамашы ретінде танылды. Форумға Качир ауданы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ермекқызы Біләлова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Гүлбарам Әуэзханқызы Наурызбаева және Железин мен Баянауыл кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Г.Ә. Наурызбаева өз сөзінде Қазақстан білім беру жүйесінде жаһандық өзгерістер болғанын айтып өтті, оған түрткі болған ҚР Президентінің «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» қол қоюы. Қоғамда мұғалім аты әрдайым құрметті орында, оның пікірі беделді. Сондықтан бүгін біз, өзінің жеке қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті, педагогтың кәсіби имиджі туралы айтуға құқылымыз. Өйткені мұғалім – тек қана мамандық емес, бұл – өмір салты. Сондықтан кәсіподақ жас педагогтарға үлкен үміт артады және олардың кәсіби өсуіне барлық көмекті беруге даяр. Форум қатысушыларының алдында Трофимовка мектебі директорының м.а. Д.Ж. Капкенов, Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОМ ағылшын мұғалімі, жас педагогтар кеңесінің төрағасы С.Қ. Рыспеков сөз сөйледі.
Сахна төріне бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 7 жас педагог шығып, ашық сабақтар, жоба әзірлемелерін ұсынды. Осы жолы олар өз күштерін «Мен – жасампаз!» визит карточкасы, блиц-сауалнама, классикалық қазақ және орыс әдебиетінің шығармалары үзінділерінен костюмді сахналау көрсету сияқты байқауларда сынады. Әдеби шығармалар байқауы көрермендердің ерекше қызығушылығын туғызды. Көрермендер алдына Оралхан Бөкейдің шығармасындағы Жанар да, А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан Татьяна да, және біздің классиктеріміздің басқа да кейіпкерлері шықты. Бас жүлдені Трофимовка мектебінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ажар Ермұханбетқызы Жұмасанова жеңіп алды, 1 орынды Береговой ЖОМ мұғалімі Гүлдана Болатқызы Токебаева алса, 2 орынға Байқоныс мектебінің мұғалімі Нұрсұлтан Мұратұлы Сейілхан лайық болды. Қазылар алқасының шешімімен 3 орынды екі адам – Песчан №2 ЖОМ мұғалімі Дмитрий Олегович Степанов пен А.Текенов атындағы №2 ЖОМ мұғалімі Әсет Бақытжанұлы Серікбаев иеленді, «Шабыт» номинациясында Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОМ мұғалімі Мирас Мейрамұлы Жүндібаев жеңімпаз атанса, Трофимовка ЖОМ мұғалімі Бахыт Жұмашқызы Орынбаева «Жас Талап» номинациясына ие болды. Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.
Форумның екінші бөлімінде қатысушыларды секциялар бойынша тренерлермен жұмыс жүргізді: «Көшбасшылық қасиеттерін дамыту бойынша тренинг», «Жеке өсуі тренингі», «Табысты адам», «Мектепті басқарудағы менеджмент», «Қоғамдық қабылдау» және т.б. Аталған жұмыс әлі де өз жалғасын табатынына күмән жоқ. Бүгінгі жастарымыз – ертеңгі ел азаматтары.
А.Арынова,Качир аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
-
Фото
-