Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беруұйымдарының арасында өткізілген «Ең үздік арнайы пән оқытушысы – 2016»
2016 жылғы 26сәуірде «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары арасында калалық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы–2016» байқауының қорытынды ІІ кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты:оқытушыларының кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, озық іс-тәжірибені насихаттау және тарату, колледж педагогтарының қоғамдағы имиджін қалыптастыру.
Қалалық байқау екі турдан тұрды. Бірінші кезеңге 34 колледжден 22 арнайы пән оқытушысы шығармашылық портфолиоларын ұсынды.Екінші кезеңге үздік 12 педагог өтті.
Байқаудың ІІ кезеңі «Өзін өзі таныстыру», «Кәсіби оқыту. Менің мамандығым-менің мақтанышым», «Педагогикалық идеяны қорғау»тапсырмаларынан тұрды. Байқау тапсырмасында педагог өзінің педагогикалық және кәсіби шеберлігін көрсету қажет болатын.
Қазылар алқасының құрамында кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы С.Басығараева, Астана қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасының бас маманыБ.Нурпеисов, «Әділет» білім беру қызметкерлері қалалық кәсіподағының төрайымы Б.Наурызбаева, «Өрлеу» біліктілікті жетілдіру институтының бас маманы Р.Бурабаева, «Базис Астана» ҚК сапа бөлімінің жетекшісі А.Кадырова, ардагер – педагог Г.Агибаева бар.
Жүлделі бірінші орынды Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы С.Койшибаева жеңіп алды, екінші орынды Политехникалық колледж оқытушысы Ж.Абдрахманова, үшінші орынды Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінің оқытушысы А.Абишкенова және Еуразия гуманитарлық институт колледжінің оқытушысы А.Мусина иленді.
«Педагог-тәлімгер» номинациясы Кәсіптік-техникалық колледж оқытушысы С.Тынжановқа, «Шебер педагог» номинациясыҚұрылыс-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Оспановаға, «Жаңашыл педагог» номинациясы Гуманитарлық колледж оқытушысы Т.Кенжетаеваға,«Педагог-зерттеуші» номинациясы «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің оқытушысы А.Ерсұлтановаға берілді.
Байқауға қатысушылар Дипломдармен, Мадақтау қағаздары мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-