Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жас ұстаздар сабақтастығы
«4 года враг уничтожал Родину» деген сөздеріменен жүргізуші №25 орта мектептің 4 сынып оқушысы Әби Әнел «Дети войны» атты әдебиет музыкалық мерекесін бастады. Биыл Ұлы Отан Соғысының басталуына 75 жыл толғаны себебімен оқушылар өздерінің көк түсті галстуктарын қызыл түсті пионер галстукқа аз уақытқа ауыстырып 11-14 жас аралығындағы Лёня Голиков, Зина Портнова сияқты батырлардың ерлігін өздерінің өмірімен салыстырды. Батырлардың ерлігін слайдқа салып, оқушылар рөлдік өнер көрсетті. Оқушылар өлеңдер оқып, мәліметтермен бөлісті.
Бүгінгі кезде соғыс және бейбітшілік сөздерін жаңа ғана терең білуге ынта танытқан 2-сынып оқушысы Амантаева Жансая «Белые ангелы» және «Кукушка» әндерін орындады.
Қазақ халқының абыройын көтерген батыр қыздар Әлия мен Мәншүкке оқушылар өздерінің қазақ және орыс тілдерінде өлеңдерін арнады. Әскерғали Малика «Әлия» атты өлеңін тамаша орындап, тыңдармандардың жүректерін баурап алды.
Аталған мектептің орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айнагүл Сәбитова «Молитва» өлеңін орындады. 75 жыл бұрын басталған соғыста кішкентай батырлардың ерліктерін оқушылар өз бой елегінен өткізді, біршама сезім алды. Көрермендер балалар мен мұғалім соғысқа арнап жасаған көрмені да бағалады. Қонақ ретінде соғыс және педагогикалық еңбек ардагері Иванникова Ирина Георгиевна қатысты. Оқушыларға ризашылығын білдіріп, ардагер-ұстаз алғыс сөзін айтты.
Сонымен қатар 2016 жылғы 5 мамырда оқушылар Жеңіс күніне арнайы Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагер-ұстаз Хұсайынов Әнуар Хайдарұлының үйіне құттықтауға барды. Сыйлықтар мен гүлдерді табыстай отырып, жас оқушылар өз тараптарынан тақпақтар айтып, ардагерді сұрақ астына алды. Балаларға да ардагерден сұрақтар туындады, мысалы: «оқуларың қалай? Неге көк түсті галстук киіп жүрсіңдер?» сөйтіп жас тәлімгерлер ардагердің ақ батасын алып, қуанышқа бөленді. Келесі жылы Жеңіс күніне кездесуге асыға күтетіндері туралы оқушылар уәде беріп, алғыс сөздерін айтты.
Айнагүл Сәбитова,Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі
-
Фото
-