
Алматы облысы Ұйғыр ауданы «Нұрлы болашақ» балабақшасы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылында «Нұрлы болашақ» балабақшасы ашылды.
«Нұрлы болашақ» балабақшасында 44 қызметкер жұмыс атқаруда.
Оның ішінде 20 педагог қызметкер,25 техникалық қызметкер істейді. Балабақшада 140 бала тәрбиеленеді. Тәрбие мен оқыту үрдісі екі тілде жұмыс жүргізіледі:қазақ және ұйғыр. Жоғары білімді қызметкерлердың саны 6, арнаулы орта - 14. Жоғары санатты педагог - 1,екінші санатты - 8. Топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылған.
Балабақшаның ең басты міндеті тәрбие мен оқыту мен қатарата-аналармен бірге тығыз байланыста жұмыс істеу көзделеді.
Біздің балабақшамызда 1- маусым « Балаларды Қорғау күні» қарсаңында, балабақша ұжымы ата – аналармен бірлесе отырып, балабақша ауласында балаларымыз ойнайтын ауланы көгалдандыру, безендіру жұмыстарын жүргізілді. Балабақша ауласын түрлі –түсті бояулар мен суреттер мен толықтырып балаларымыз үшін барлық жағдай жасалынды. Бұның бәрі әрине ата-аналарымыз бен балабақша ұжымының ерінбей еткен еңбегінің арқасы жемісі: Латипова П., Илахунова Ш., Амутова Д., Сасиков А., Сайдалимов Д., Курбанова Г., Сраждинова М., Абдуллаева Р., Усманова З., Халикова С., Сагындыкова З., Салимова Г., Амарова З., Аллабердиева Х., Раюпова Д., Мухаметова Э., Өтебаева Р., Максутова Л., Курбанова Г., Сасикова Г. сынды ата-аналар іс-шараға белсенді қатысты.
«Баланы дәл өзіңдей қылып тәрбиелемей келешек заманға лайық етіп тәрбиелейік» - деген ұлы ағартушы педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай баланы отбасынан бастан тәрбиелеу керек.
Балабақша ұжымы ауылдық, областық іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Топ жарған» балалар байқауында «Бас жүлде» иеленді, « Наурыз 2016ж» ІІІ- орын алды .
«Нұрлы болашақ балабақшасы»Кәсіподақ комитетінің төрағасы Курванали Берік